Previous Page  69 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

тарапынан жаздырылғандығы күллі әлемге белгілі.

Жеті әріп туралы барлық риуаяттар зерттелгенде,

мәселенің кейбір санаулы сөздердің акцент пен мәнер (ды-

быс ырғақтары) жағдайының айналасынан шықпайтындығы

байқалады. Осы себептен мұсылмандардың бұл тақырыпта

барлық айтатын сөздері мынау ғана: Түрлі диалектілерде

сөйлейтіндерге Құранды оқуды жеңілдету үшін осы рұқсат

берілген.

Бұл тақырыпта ерекше назар аудару керек нүкте мынау:

Жеті әріп бойынша оқу – жатқа оқығанда ғана іске асады.

Жазулы парақтан оқумен немесе түрлі тәсілдегі жазумен

еш байланысы жоқ.

Тирмизидің мына риуаяты да осыны

көрсетеді: Жәбірейілге Расулұллаһ (с.а.у.) сауатсыз ортаға

жіберілгендігін, олар оқуды білмегендіктен аяттарды тек есту

арқылы жаттағандықтарын айтқан болатын. Сонда Аллаһ

Тағала да осы жеңілдікті көрсеткен. Жеңілдік – тақдим

немесе тәхир (бір сөзді алдыға немесе кейінге алу) неме-

се (бір сөздің орнына синонимін қою ықтималдығы) жатқа

оқыған болады. Әйтпесе‚ Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі

кезінде жаздырған парақтарға сүйенген Хазіреті Әбу Бәкір

заманындағы мұсхафтан көшірілген имам мұсхафтағы бір

сөздің орнына синонимі болса да басқа бір сөздің жазылуы-

на рұқсат берген жағдай жоқ (М. И. Дәруәзә, әл-Құран уәл-

мүлһидун, 329-334 б).

ҚҰРАН МӘТІНІНЕ НҮКТЕ ЖӘНЕ ХАРЕКЕ ҚОЙЫЛУЫ

Тарихи деректерге қарағанда жазу – Меккеге алғаш рет

Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жасы жағынан одан біраз үл-

кендеу замандастарының кезінде кірген. Ислам діні келгенде

Меккеде сауатты адамдардың саны саусақпен санарлықтай

71