

“Хикмет”
баспа үйі
Хазіреті Осман мұсхафтарды жаздыртып, мұның жа-
зуына қайшы басқа меншікті нұсқаларды қолданбауға
шақырғанда, кейбір кісілер қайшы болғандарды тастап,
имам мұсхаф-тың жазуына қайшы келмеген және Хазі-
реті Пайғамбардан (с.а.у.) тәуатүрмен нақыл етілген басқа
қырағаттарды оқуды жалғастырды. Жеті әріптен басқа және
кейбір сөздерде кездескен бұл айырмашылықтар қырағат де-
лінеді.
Қырағаттарға рұқсат берілудегі хикмет
1) Әркелкі диалектілерде сөйлейтін әр түрлі араб
руларының біліп‚ не білмей бұзып күнәһар болмай, Құран
оқуларын жеңілдету.
2) Құранның мұғжиза екендігін барлық араб руларына
ашықтан-ашық көрсету. Құран өзінің ұқсасын келтіру үшін
жекпе-жекке шақырғанда бір акценттен болуын шарт етіп,
шектемеген, керісінше түрлі акценттерден болса да қабыл
болатындығын білдірумен оларға тіпті кең мүмкіндік берген
болатын.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) оқыған қырағат түрлері же-
теумен шектелмей, оннан артық болған. Сахабалар түрлі
қырағаттарды Расулұллаһтан (с.а.у.) тыңдаса да, кейіннен
оңай көрінген, таңдаған бір қырағатпен оқитын. Табиғун да
осылай жалғастырды. Арабтардың тілінде лахн (қате) пайда
болғанда кейбір ғұламалар қырағаттарды белгілеп, шектеп,
тұрақтандырып, оларды нақыл еткен ғұламалардың тізбек-
терін тексере бастады. Түрлі үлкен қалалардағы имамдар
мыналар: Әбу Амр (ө.154/772), Ибн Кәсир (ө. 120/738), Ибн
Амир (ө. 118/736), Асым (ө. 128/745), Хамза (ө. 156/773),
Нафи (ө. 169/785), Кисай (ө. 189/805).
67