“Хикмет”
баспа үйі
Тирмизи риуаят еткен хадис шәрифтен де түсінікті
болғанындай, жеті әріптің хикметі - Құран оқуды оңайлату.
Құранның алғашқы тыңдаушылары қауым-қауым болып та-
рап кеткендіктерінен араларында акцент айырмашылықтары
бар еді. Сол орынды себептерден де оларға рұқсат беріл-
ді. Рұқсат: «Негізгі үкімнің себебі жалғасуымен бірге
бір қиындыққа қарай шариғат үкімінің оған қарағанда
жеңілдірегіне қарай ауысуы». Жеті түрлі нұсқамен оқу
(қырағат) рұқсаты берілсе де, китабәт (хат, жазу) тек қана
Құрайш диалектісі бойынша қалған. Бұл да келіспеушілік-
ті ең оңай төменге түсірген. Сондықтан жеңілдетуді керек
еткен қиындықтың бітуінен кейін, негізгі әріптің жазылуы
тилауәті үшін де негіз болған.
Қиындықтың бітуімен жеті әріпке берілген уақытша
рұқсат та біткен. Өйткені, диалектілер арасындағы бөліну
және кең орын алған сауатсыздық Құранның жиналуы және
сауатсыздықтың азаюымен жойылған болатын.
Ибн Ұйәйнә (ө. 198/814), Ибн Уәһб (ө. 197/813), Табери (ө,
310/922), Тахауи (ө. 321/933), Ибн Абдилбәрр (ө. 463/1017) осы
пікірде болған.
Мұсхафтың жазуына қарама-қайшы басқа әріптердің
оқылуына қай уақытта тыйым салынғандығы турасында
ғалымдар түрлі көзқар стар ұстанған. М. Зәрқани (ө. 112-
2/1710): «Ғалымдардың көпшілігінің пікіріне қарағанда бұл
Расулұллаһтың кезінде және оның әмірі мен болған» - дейді.
36
Хазіреті Осман да үмметті Құрайш
әрпінің
айналасында жи-
нау және басқаларын жойдыру батылдығын Расулұллаһтың
(с.а.у) осы тәсілінен алған. Сахабаның бұл мәселедегі келісімі
де осыны көрсетеді. Кейбіреулерінің тұжырымына қарағанда
жалғыз әріптің айналасында жинаған Хазіреті Осман
болған.
65
36
Зәрқани, Шәрхул-Мұатта, І, 363.




