

“Хикмет”
баспа үйі
бір белгілі сөздерде ғана болса да‚ мұсылмандар арасында ке-
ліспеушілікке себеп бола алатын еді. Басқа да жағынан кей-
бір меншікті нұсқаларда кемшілік болуы әбден мүмкін еді.
Сондай-ақ мұқият бақылаудан өтпегендіктен қателіктерге
де толы болуы мүмкін еді. Жалғыз кісі қателеседі, ал бірақ
қарилардан құралған алқа жаңылыспайды. Бұдан басқа кей-
бір сахабалар өздері мәтінді жақсы біліп, шатаспайтынына се-
німді болғандықтарынан, меншікті нұсқаларға тәпсір мәнінде
қысқаша жазулар қосқан. Мысалы:
(Бақара, 198)
ْ
�ُ�ْ�َ �َ�َ �ْ�َ � ْ
�ُ�ِّ�َ
ْر
�ِ�ً �ْ�َ�
ا
�ُ�َ �ْ �َ �ْ
ح ٌأن
�َ �ُ�
«Раббыларыңнан ризық талап
етсеңдер, ешқандай күнә болмайды…» деген аяттың артынан
Ибн Мәсуд ِّ
�َ�ْ�
ا
�ِِ�
َا
�َ� ��
«қажылық мерзімінде» - дегенін
жалғаған. Ибнул-Жазери (ө. 833/1429) былай дейді: «Кей-
де түсіндіру мақсатымен мәтін арасына қырағаттар қоятын.
Өйткені олар, Хазіреті Пайғамбардан» (саллаллаһу алейһи
уәсәлләм) үйренген Құранды жақсы білетінді».
Бірақ‚ Хазіреті Осман жойылуына бұйрық бергені-
мен, кейбір меншікті мұсхафтар Ислам дүниесіне кең
жайылғандығынан түгелдей жойылмады. Һижри ІІІ-ІV
ғасырда Құранның тарихы туралы шығарма жазғандар, Ибн
Мәсуд, Ұбәй секілді тұлғалардың меншікті мұсхафтарын
көргендіктерін білдіреді. Негізінде бұл да жақсы болды. Бәрі
жоғалса қарсыластар араларындағы айырмашылықтың көп
екендігін айтулары әбден мүмкін еді.
Демек, Хазіреті Әбу Бәкір мен Хазіреті Османның жаса-
ған істерінің арасында мынадай айырмашылықтар бар:
1) Хазіреті Әбу Бәкір Құранға қатысты болуы мүмкін
алауыздықтың алдын алу үшін асхабтың келісімімен,
Расулұллаһтан (с.а.у.) қалған парақтардымұсхафхаліндежаз-
дыртып, оны «Заңды тұлға» деп бекітті. Ал‚ Хазіреті Осман
болса, кеңейген өлкеге қажет болғандықтан оны көбейтті.
61