

“Хикмет”
баспа үйі
Жаңадан мұсылман болған араб емес халықтар басқа
диалектілерді білмегендіктерінен басқасы болуы мүмкін
емес деп, жалғыз өз қырағатына сенетін.
32
Осыдан талас-тар-
тыстар шығып, бір-біріне «кәпір» дейтіндей қорқынышты
жағдайлар көрініс тапты.
Әбу Қылабе былай дейтін:
«Хазіреті Османның халифалығы кезінде мұғалімнің
бірі бір адамның қырағатын, енді біреуі басқа бір адамның
қырағатын үйрететін. Үйренуші балалар тартысқа түсіп,
мәселені ұстаздарына жеткізетін. Мәселе соншалықты
дәрежеге ауыр жетті. Оқудың түрлілігінен бірі екіншісін
кәпір санады. Бұдан хабардар болған Хазіреті Осман хұтпа
айтып: «Сіздер менің қасымда бола тұра тартысасыздар. Өте
шағын қыстақтағылар әлбетте бұдан да көп тартысқа түсер»
- деп, мұсхафты көбейтуге бекіді».
Мұндай жағдайлар шыны аяққа тамған тамшыдай жиі-
жиі болып тұрды. Бұхари ескерткен мына оқиға болған
еді. Армения соғысында Сирия мен Ирак әскерлері бірігіп
соғысқанындай‚ қырағат турасында тартыс шықты. Тіптен
бір-бірлерін кіналағандар да болды. Орданы басқарған Ху-
зайфа Ибнул Яман бұл жағдайға қатты ренжіді. Мәдинаға
оралғанда үйіне бармастан Хазіреті Османның алдына ба-
рып: «Жойылып кетпей тұрғанда мына үмметке жәрдеміңді
тигізсең қайтеді!» - деді. Сосын мәселені ұзақ түсіндіріп,
яһуди мен христиандар секілді Кітап туралы тартысып,
бөлініп кетулерінен қорқатындығын айтты.
Содан Хазіреті Осман мүһәжир мен әнсарды жинады.
Жағдай туралы ақылдасты. Кейін Хазіреті Хафсаға хабарла-
тып‚ «Парақтарды бізге жібер. Біз одан мұсхафтарға көшіріп
алып, қайтадан саған жібереміз» - деді. Ол беріп жіберді.
59
32
С. Атеш, Тәфсір сабақтары, 22-бет.