Previous Page  53 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) жаздырған парақтар бар

бола тұра, неге Хазіреті Әбу Бәкір мұнымен қанағаттанбай,

мұсхаф халіне жинақтауына мұқтаж болды деген сұрақ ойға

келуі мүмкін. Мұның жауабы мынау: Өйткені біріншіден,

Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден өтпестен, ол парақтар болу-

мен қатар, олардың мемлекеттік белгі ретінде ресмилігі жоқ

еді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі болуы көптеген

мәселедегідей Құран мәтініне кепілдік беру тұрғысынан да

талассыз бедел саналып, Ол -

әминул-уахи

еді. Ал, одан кейін

келген халифаның мұндай ерекшелігі болмағандықтан, бұл

парақтардыбір кітаптаймұсхафхаліне келтіруге мәжбүр бол-

ды. Негізгі билік пен кепілдіктің бұдан былай

имамы

(Құран

мәтінінің) болуы керек еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) артын-

да Аллаһтың кітабын қалдырғандығын, мұсылмандардың

оған тәуелді болғандарында әсте адаспайтындықтарын біл-

дірген еді.

Екінші бір себеп‚ Хазіреті Әбу Бәкір мұсхафты ол

парақтардан көшірте алатын еді. Бірақ бұлай жасау не болса

да қауіпті еді. Мұсылмандар арасында кейіннен ортаға шығуы

мүмкін жағдайларды есепке алу керек болатын. Толық неме-

се бір бөлігі ғана бар жеке Құран нұсқаларында майда-шүйда

қателері болмайтын ба еді? Әлбетте, болатын еді. Кейбір

бөлімдерінің өте аз адамдарда жазылғаны болғандықтан‚ көп

өтпестен толығымен жоғалып кетуі мүмкін еді. Аз да болса

тиләуәті нәсх етілген бөлімдер болып

*

, мұны білетіндермен

қатар‚ білмейтіндер де бар еді. Сондықтан қолдағы мәтінді

бір жағынан асхабтың жазбалары және жаттағандарымен

күшейту, біржағынанжекеқателерді түзетуарқылынәтижеде

55

* Жумһур, яғни ғалымдардың басым көпшілігі насх сөзін мәтінді мұсхаф-

тан шығарып тастау деп түсінеді. Мутәзиләлық және т.б. кейбір ғалымдар мұны

қабыл етпейді. Ғалымдардың аз бөлімі мұны мәтіннің мұсхафта қалып, тек

орын ауыстыруы деп түсінеді.