

“Хикмет”
баспа үйі
оқу мен жазуды білмейтін. Күн көріс және мекендейтін орын
жоқшылығынан алыста тұратындары бар еді. Бұлар мәтіннің
бір бөлігін де ұстамаған болатын. Кейде Хазіреті Пайғамбарға
(с.а.у.) жол үстінде уахи келетін. Міне осы себептерге байланы-
сты мәтіннің түгелдей белгілі бір кісіде барлығын айту қиын.
Түрлі сахабалардан жеткен дәлел сөздерде бақыт
ғасырында Құранның барлығын жаттаған кісілердің саны
мен есімдері туралы мағлұматтар бір-бірінен өзгеше. Олар
4,5 немесе 6 қариды атайды. Негізінде асхабы кирам әр түрлі
қалаларға таралғандықтарынан, іштеріндегі қариларын
әркімнің білуі мүмкін емес еді.
27
Осы мағұлматты бергендер
өздері білетін қарилардың есімдерін айтқандықтарынан,
риуаяттарда түрлі есімдер аталған. Бұдан басқа, жаттау-
ын кейіннен бітірген бір топ сахабалардың да болуы мүмкін
және жоғарыда айтылған сөздердің уақыттары одан бұрынғы
замандарға тән болуы да мүмкін. Хазіреті Әли, Абдұллаһ
ибн Мәсуд, Сәлим, Мұаз ибн Жәбәл, Ұбәй бин Кағб, Зәйд
ибн Сәбит, Әбуд-Дәрда Құранды жатқа білген қарилар. Бір
Үмму Уарақа есімді әйел қаридың да болғаны айтылады.
28
Әбу Ұбәйд (224/838) есімді бір автордың
«әл-Қырағат»
атты
туындысының басында отызға жуық қари сахабаның аты бе-
ріліп, кейбіреуінің қарилықтарын Пайғамбарымыз (с.а.у.)
қайтыс болғаннан кейін толықтырғандықтарын жазған
(Ит-
кан, І, 72)
.
Құранның Жәбірейілге Арзы (ұсынылуы)
Құран мәтінінің жеткізілу турасында арз мәселесі туралы
да айтуымызкерек. ӘррамазанайындаПайғамбарымыз (с.а.у.)
оған дейін уахи етілген Құран мәтінінің толығын Жәбірейілге
оқып беріп, Жәбірейіл оған оқып мұқабәлә (салыстыратын)
ететін. Бұл арз (ұсыну) ісі – Бұхари және басқа хадисшілер
53
27
С. Атеш, Тәфсір сабақтары, 17-бет.
28
Ахмет бин Ханбал, Мүснәд, VI, 405.