Previous Page  48 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

мағынасына келетін «кітап» атын берумен, «адамға қаламмен

үйреткен Раббымыз»

(Алақ, 4)

бұл иләһи нұсқаулардың жазы-

луын астарлап әмір еткен болатын.

Ең басында түскен уахилардан Құранның жазуменен

тұрақтандырылғаны ашықтан-ашық түсінікті. Шынында

Құран, мүшриктердің былайша қарсылық көрсеткендерін

баяндайды: «Олар: “Бұл Құран бұрынғылардан қалған аңыз,

ол мұны жаздырып алған да, жатқа алу үшін ертелікеш оған

оқып беріледі” дейді»

(Фұрқан, 5)

. Бұл сүренің түсуі жағынан

42-қатарда орын алғандығы риуаят етілген. «Ол шынында

ардақты Құран. Кітапта (яғни лаухул махфузда) сақтаулы.

Оны пәк адамдардан басқасы ұстай алмайды»

(Уақиға, 77-79)

,

деген аят та Құранның жазулы болғандығын, оны ұстау үшін

таза болу керектігін білдіреді. Бұл да, бастапқы дәуірге тән

уахилардан. Нүзулі жағынан бұлардан да бұрынғы бір сүреде

«Жоқ, олай емес! Бұл (аяттар) расында бір насихат. Қалаған

адам одан үгіт алады. Ол қымбатты, жоғары бағаланған,

таза бет-парақтарда жазулы. Ардақты да игі жазғыштардың

қолында»

(Абәсә, 11-14)

деген аят орын алған бөлім де Құранның

әубастан-ақ бері жазуға меңзелгені байқалады. Һижрәттан

бұрынғы 8-жылда Хазіреті Омардың Исламға кіру оқиғасын-

да да уахидың жазылғандығы көрсетіледі. Сонда Хазіре-

ті Омар, қарындасы Фатиманың үйінде Таһа мен Тәкуир

сүрелері жазылған парақтарды қолына алған еді.

Пайғамбарымыз періштенің жеткізген уахиін жаттай-

тын, кейін уахи жазушыларынан біреуін шақыртып, кел-

ген бөлімнің тиісті орнын айтып, жаздыратын. Ол дәуірде

Құранның мәтінін иленген теріге, құрмабұтақтарына, жал-

пақ тастарға, тақтайға, түйе мен қойдың жауырын сүйекте-

ріне жазатын.

20

50

20

Зәрқәши, Бурһан, I, 238.