

“Хикмет”
баспа үйі
үмметтің бір ауыздан келісімінен (ижма’ынан) өткен имам
мұсхафтың заңды тұлғалығы мен заң күшіне ие болуы керек
еді.
Алдында көрсетілгендей, Расулұллаһтың (с.а.у.) бедел-
ді тұлғасының өмірден өтуіменен орны толмас олқылық,
тартыстар және иртидат соғыстары, бір сөзбен айтқанда осы
себептердің барлығы Құранның ресми бекітуден өткен және
үмметтің бір келісімде тоқтауын қамтамасыз ететін имам
мұсхаф халінде жинақталуын қажет еттірді. Шынымен-ақ
Хазіреті Әбу Бәкірдің халифалығының басында болған Ямамә
соғысында 70 қари
29
(бұлардың барлығы емес, едәуір бір бөлігі
қари болуы керек) сахабаның шәһид болуы, шара қолдану ке-
ректігін анық көрсеткен еді.
Зәйд ибн Сәбит былай дейтін: Ямамә соғысында көптеген
асхабтың қаза болуынан кейін Хазіреті Әбу Бәкір мені
шақыртты. БарсамХазіреті Омар да сол жерде екен. Әбу Бәкір
маған: «Омар Ямамәда Құран қариларының көбісі қайтыс
болды. Осы секілді оқиғаларда қарилар өле берсе Құраннан
айрылып қаламыз. Меніңше Құранның жинақталуы үшін
әмір шығаруың керек» - дейді. Мен Омарға: «Расулұллаһтың
(с.а.у.) жасамаған ісін қалай жасай аласың?» - деймін. Омар:
«Уаллаһи, бұл жақсы іс» - деді. Кейін осы іс туралы ұзақ сөз
қозғап, маған айта-айта ақырында Аллаһ жүрегімді осы іске
көндірді. Мен де оның көзқарасын құптадым» - дейді. Сонда
Әбу Бәкір маған бұрылып: «Сен жас, тың‚ ақылды адамсың.
Ешкім сені кінәлай алмайды. Сен онсыз да Расулұллаһтың
(с.а.у.) уахи жазушысы едің. Құранның мәтіндерін жина»
- деді. Уаллаһи! Маған бір тауды орнынан көшіруді тапсыр-
са да Құранды жинау жауапкершілігіндей ауыр болмас еді».
56
29
Құртуби, Тәфсір, Алғы сөз.