Previous Page  60 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

2) Хазіреті Осман, кейбір сөздерді жергілікті акцент-

терге қарай оқуына мүмкіндік берген уақытша рұқсаттың

күшін жойып, бұл жағдайды білмегендердің және араб емес

мұсылмандардың сандары артқанда істі берік ұстау үшін

үмметті бір әріп (акцент) төңірегіне жинады.

Осылайша, иләһи аманат болған Құран – Хазіреті

Пайғамбарымыз (с.а.у.), Хазіреті Әбу Бәкір және Хазіреті

Осман тарапынан бір-бірінің ішіне тұрғызылған үш бөлек

берік қамалмен қорғалып, басқа ешқандай мәтінге нәсіп

болмаған қауіпсіздікпен халық ішінде Хақтың дәлелі ретінде

қияметке дейін жалғасуы үшін сақталынған.

ҚҰРАННЫҢ ЖЕТІ ӘРІП БОЛЫП ТҮСУІ

Жеті әріп - Құран тарихының маңызды әрі онда ең көп

түрлі анықтамалар болған тақырыбы. Бұхари мен Мүслим

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай бұйырғанын риуаят еткен:

«Құран

жеті әріп

болып түсті, сондықтан олардан қайсысы

оңай келсе, сол әріпті оқыңыздар». Мүслимнің тағы басқа бір

риуаятында Жәбірейіл Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.): «Аллаһ

үмметіңнің Құранды бір әріпке қарай оқуларын әмір етеді»

- дейді. Расулұллаһ (с.а.у.) үмметінің бұған дәрмені жетпей-

тіндігін айтып, Аллаһ Тағаланың кешіруін қалайды. Арты-

нан екі, одан кейін үш әріпке рұқсат беріледі. Расулұллаһ

(с.а.у.) тағы да сұрайды. Нәтижесінде жеті әріпке рұқсат

беріледі. Тирмизидің сахих хадистер тізбегіндегі риуаятына

қарағанда Расулұллаһ (с.а.у.) Жәбірейілге: «Мен сауатсыз

үмметке жіберілдім. Араларында ерлі-зайыптысы, кәрісі, ұл

және қыз балаларының ешқайсысы оқуды білмейтіні бар»‚ -

деп айтқанында, Жәбірейіл: «Уа, Мұхаммед! Бұл Құран жеті

әріпте түсті» - дейді.

Әріп

сөзі арабшадағы орнына қарағанда «әр нәрсенің

ұшына, тарапына, шетіне, ұшқыр және өткір жағына,

62