Previous Page  43 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

дүниелерінкөрсетті.Мүминдердіболса«сырат-ымустақимде»

жүруге ынталандырып, өмірдің әртүрлі көріністерінде ке-

рек болатын ережелерді оларға үйретті. Уақты келместен

мәселеге қатысты үкімдер жіберілмеді.

СҮРЕЛЕР

Сүре сөздікте - биік орын, мәртебе, әдемі және биік

құрылыс, қамал мағыналарына келеді. Діни терминде, “аят-

тардан тұратын, басы мен ақыры бар, өз алдына бөлек Құран

бөлігі” делінеді. Өйткені, Құран бөліктері орын-орнында

сөздерден құралған және иықтан-иыққа беріліп, бір-біріне

сүйеу болған аяттардан өрілген мықты және биік бір қала

қамалытәріздес. Басқаларынанл зде айрықшакөрінетінбиік

және берік ғимарат күйіндегі ақиқаттардың бір қорғаны.

Құранда 114 сүре бар. Ең қысқасы - үш аятты Кәусар

сүресі. Ең ұзыны болса, 286 аяттан тұратын Бақара сүресі.

Сүрелердіңбөлінуі–тәуқифи.Құранныңсүрелергебөлінуінде

түрлі пайда және хикметтер бар. Олардың кейбіреулері мы-

налар:

Оқуды және жаттауды қолдап, жеңілдетеді. Бөлімдерге

бөлінбесе, бұл жағдай нәтижесіз болатын еді. Өйткені, бір

кітапты қолына алған оқушының, бөлімдерге бөлінген кі-

тапты өте үлкен әуестікпен оқитынын біз жақсы білеміз. Бі-

рінен соң бірін оқып, бөлім бойынша жылжып отырады. Бір

сүрені жаттаған және оқыған адам да, Аллаһтың кітабынан

бір бөлімді жаттап немесе оқығандығын ойлап, бұдан үлкен

бір бақыттылық сезінеді. Бұлардың санын көбейтейін деп,

ісіне әуестік туады. Сүрелер түрінде болмаса, көз алдымызда

үлкен көрініп, жаттауға, бәлки оңайлықпен оқуға да ынта-

мыз болмас еді.

45