Previous Page  40 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Бірақ, сахабалар дәуірінен бері Құранға деген мұқи-

яттылық себебімен бұл іспен айналысқан, жаттап жеткіз-

ген адамдар болып тұрған. Бұл жайлы тек мынаны айту ке-

рек, бұл тақырыптағы көптеген риуаяттар, хадис ілімінің

өлшемдеріне қарағанда интикадқа (талқыға) салуы керек

және салынған да. Негізінде кезеңдерінің ең сенімді жолы ри-

уаят болса да, риуаяттарды бағалау қажеттігі қабілеттілікті

керек еткен. Осыдан барып көптеген тәпсірші және ғалымдар

әр уақыт риуаятқа көп көңіл бөлмей, ауық-ауық осы

тақырыпта ижтиһадқа мойын бұрған. Шынында мекки мен

мәдәни аяттардың ұсақ-түйек мәселелерінің едәуір бір бөлігі

ижтиһад арқылы бізге жеткен.

10

Жабери (ө. 732/1332) бы-

лай деген: «Мекки мен мәдәниді білудің екі жолы бар: бірі

сәма’и (жеткізу), екіншісі қияси (ижтиһад) жолы».

11

Алдын-

да көрсеткеніміздей Бақиллани да осыны нұсқаған.

МЕККИ ЖӘНЕ МӘДӘНИ СҮРЕЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ

АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Құран сүрелерін атақты түрімен мекки және мәдәни деп

реттеуде қиындық тумайды. Хадисшілердің интикад (хадис

ілімінің әдіс-тәсілдерін айқындау) тәсілдерін қолдану арқы-

лы, риуаяттардың сахихтары алынып, мәселе анықталады.

Мәдинада түскен сүрелердің реттелуінде әбігерлік көп бол-

мауы мүмкін. Өйткені‚ ол уақытта Ислам жайылған, Құран

нұсқалары көбейтілген. Бірақ‚ мекки бөлімде әбігерліктер

болды. Өйткені‚ ол кезде мұсылмандардың саны аз еді;

оқиғалар Мәдинадағыдай ашық емес еді. Соған қарамастан,

ол турасында құбылулар көп болмайтындай түрде, тек үш

мекки, үш мәдәни дәуірге жата алатын сүрелер бар. Сұбхи Са-

лих “Мәбахисінің” 185-233 беттерінің арасында елу парақтық

кең орында әсіресе мекки дәуірдің сүрелерін, тақырып және

42

10

С. Салих, Мәбахис, 181-бет.

11

Зәрқәши, Бурһан, I, 189-бет.