

“Хикмет”
баспа үйі
айыруға қандай дәрежеде күш керектігі түсінікті. Міне,
бұл қиындық бір жағынан уахидың енуіне куәгер болған
сахабаның қадағалауы, екінші жағынан әр нәсілдегі ислам
ғалымдарының мұқияттылығымен шешіліп, бұл мәселе
Құранның меккелік және мәдиналық бөлімдерін үмметтер-
дің анық білуіне мүмкіндік берген. Мөлшермен‚ есеппен са-
лыстыру керек болса‚ Құранның 65-70% меккелік, 30-35%
мәдиналық болғандығын айта аламыз.
Құран аяттарының түсу барысына қатысты Пай-
ғамбарымыздан (с.а.у.) қалған мәлімет жоқ. Тіпті‚ бұл
тұрғыда Оған әмір берілмеген және мұны білу - үмметке де
парыз етілмеген.
5
Онсыз да оның заманындағы мұсылмандар
уахидың түсуін, мекенін, уақыты мен түсу себептерін білген-
діктен оны білуге мұқтаждықтары да жоқ еді.
Бірақ Құран аяттарының түсу барысын білу нәтижесінде
мына пайдалар қамтамасыз етілді:
а) Ислам құрылысының негізі саналатын алғашқы жама-
ғаттың жетілуі мақсатымен, иләһи хикметтің адамдарды
қалай біртіндеп, дәреже-дәреже жұмсақтық және нәзіктікпен
тәрбиелегендігін;
ә) Исламның заң шығару тарихын;
б) Мұсылмандардың Құранға байланысты тақырыптарға
қаншалықты дәрежеде абайлап қарағандығын;
в) Мүминдерге, мүшріктерге және Әһли кітапқа жасал-
ған үндеулерде тыңдаушылар мен аймақты назарға алып,
әртүрлі әдістер қолданғандығын жақсы түсіне аламыз.
Осылайша Құран мәтінінің ең кіші өзгеріске де
ұшырамастан‚ мәңгілік сақталатын түрде, адамдарға
Аллаһтың дәлелі ретінде кейінгі нәсілдерге өту механизмінің
38
5
Суюти, Итқан, I, 9-бет.