

“Хикмет”
баспа үйі
Тақырыптың басында айтып өткеніміздей, Құран уахиі-
нің тарихи реттеуі басынан бері ислами міндет саналмаған.
Бақиллани (ө. 403/1012) секілді бір беделді былай деген:
«Бұл іс - сахабаның және олардан кейінгі табиғунның жа-
дына қатысты. Нүзул барысын білу - шынайы қызығарлық
тақырып. Бірақ, Расулұллаһтан (с.а.у.) бұл мәселе жайлы
ешқандай анықтама болмаған. Оның: «Біліңдер! Мекке-
де түскені мұншама, Мәдинада түскені мұншама» - деп, әрі
оны асхабына егжей-тегжейлі білдірген ешқандай жағдай
дерек жоқ. Егер ондай жағдай болғанда жұртқа жайылатын
еді. Олай істемеуі мұны істеуге бұйырылмағандықтан және
оларды білуді Аллаһтың үмметке діни міндет қылмауынан
туындаған. Әйтсе де, ілім иелерінің -қамтылған үкімдерді
шығару үшін- насих пен мәнсухтың тарихын білулері керек.
Бірақ, бұл Расулұллаһтың (с.а.у): «Бұл бірінші мекки, келесі-
сі кейіннен келген, мәдәниң деп, айтқан сөзі болмаса да біліне
береді. Сахаба мен табиғун да білу керек болғандардан тыс,
қалған аяттардың мекки не, әлде мәдәни болғандығын ег-
жей-тегжейлі білінуін діннің міндеті санамағандықтарынан,
бұларды түсіндіру үшін жеткілікті себеп табылмаған.
Жағдай осылай болғанда, Құранның бір бөлігінің мекки не‚
мәдәни болғандығы мәселе інде келіспеушілік болды да осы
тақырыпта ой және ижтиһадпен амал етуге рұқсат етілгендей
болды».
9
41
бастап, 1872 де аяқтаған. Меккелік дәуірді үш кезең, мәдиналық дәуірді
бір кезең деп ала отырып, аяттардың түсу кезеңін төртке бөлген. Жалпы
бұл тақырыпта батыста ең атақты шығарма Geschichtedes Qorans (1860 ж.
бірінші, 1910 ж. екінші баслымы шыққан), авторы З. Нөлдеке және оның
шәкірті Швалли. Бұл кітапта Уэйлдің пікірлері мен әдісі аз ғана өзгертулер
мен қосымшалармен қабыл көрген. Р. Блачер болса түсу тәртібіне қарай
құрастыруға тырыса отырып Құранның француз тіліндегі аудармасын
жазған (Le Coran, Traduction selon un essai de reclassements des sourates,
Paris, 1949-1951). Бұл аудармада ол, барлық орианталисттердің бұрынғы
шығармаларына сүйенуімен қатар, З. Нөлдекенің әдісін негіз етіп алған.
9
Зәрқәши, «Бурһан», I