

“Хикмет”
баспа үйі
көрсететін кішкентай жабық шеңбер түріндегі жәзм белгілер.
Ол замандағы мұсылмандардан көптеген адам Мұсхафқа
кез келген нәрсені араластырмау керек деген ойменен нүкте‚
хареке қоюды мәкруһ санады. Уақыт өткен сайын Құранды
дұрыс оқу үшін нүкте мен харекеге зәрулік қайта туды. Бұл
жолы уәжіб немесе мұстахаб болғандығы айтылды. Бірақ‚
бұл өзгеріс бірден бола қойған жоқ. Тіпті‚ V-XІ ғасырдың
арасында Құранды харекесіз оқу керектігін пайымдаған
кейбір мұсылмандар болды. Бұл даулар - Құран мәтінін
ұқыптылықпен қорғау секілді ұлы мақсатты іске асыруға
талпынудан туындаған болатын.
Сүрелердің басына сол сүренің атын жазу, аят бастарын
көрсететін белгілер қою, параларға бөлу, параларды хизиб-
терге (параның 1/4 бөлігі) бөлу және бұларға тиісті белгілерді
қолдануды бастапқыда ғалымдар жағымсыз көрсе де, кейін-
нен мұбах‚ тіптен мұстахаб саналды.
ҚҰРАННЫҢ ОҚЫЛУЫНДАҒЫ ТОҚТАЙТЫНЖЕРЛЕР
Құран ілімдерінің бірі саналатын
уақыф
және
ибтида
-
Құранды оқығанда мағынаны негізге алу арқылы, қай жер-
лерде тоқтап, қай жерлерде тоқталмай өтетіндігін білдіреді.
Бұл жерлер білінбейінше көптеген жағдайда мағына білін-
бейді де‚ үкім шығарылмайды. Әбу Жағфар ән-Наххастың
(ө. 338/948) пікіріне қарағанда сахабалар, Құран мәтінін
үйренгендері секілді, уақыф яғни тоқтайтын жерлерді де
үйренетін.
43
Көптеген ғалымдар уақыф жерлерді үйренудің
парыз екендігін айтқан.
Нахив, қырағат, тәфсир, тіл, қисса және фикх ғалымы
болмаған адамның, уақыф жерлерін дәл білуі мүмкін емес.
44
74
43
Суюти, Итқан, І, 83.
44
Сол туынды.