Previous Page  21 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

оңаша қалу мен жалғыздықты жақсы көретін болды. Содан

Хирада оңаша қалып, бірнеше түн бойы құлшылық жасап,

содан үйге келіп, бірнеше күндік азығын алып‚ қайтадан ке-

тетін. Осылайша бұл ісін қайталап тұратын.

Ақыры Хақ Оған

күтпеген сәтте келді.

Хира үңгірінде Жәбірейіл періште

Оған кенеттен келіп: “Оқы!” деді. Ол оған: “Оқуды білмеймін”

депжауап берді. Расулұллаһтың өз сөзімен айтқанда: “ Ол мені

ұстап алып, жанымды ауыртатындай дәрежеде қысты. Со-

дан босатып: “Оқы!” деді. Мен: “Оқуды білмеймін” - дедім. Ол

мені тағы ұстап, қатты қысты да сосын қайта босатып: “Оқы!”

- деді. Мен тағы да: “Оқуды білмеймін” - деп жауап бердім. Со-

сын қайтадан ұстап алып, үшінші рет тағы қысты. Сөйтті де

қайта босатып:

“Жаратқан Раббыңның атымен оқы!

Ол адамды қан түйірінен жаратты.

Оқы! Раббың аса ардақты.

Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті.

Адамға білмеген нәрселерін білгізді”

(Алақ, 1-5)

-деді”.

Расулұллаһ (с.а.у.) үйіне жүрегі дірілдеген күйде оралды.

Хуайлидтің қызы Хадишаның қасына келіп: “Мені бүркеші,

мені бүркеші” - деді. Бүркеді. Оның қорыққаны басылды. Со-

сын Хадишаға: “Өзіме алаңдап отырмын” дегенінде, ол: “Жо-

жоқ. Алаңдама! Уаллаһи, Аллаһ сені ұятқа қалдырмайды.

Өйткені‚ Сен туыстарыңа қарайсың. Тарыққандарға

жәрдемдесесің. Мұқтаждарды киіндіресің. Қонақты жақсы

көріп, күтесің және қиын күні досы болып, қиыншылықта

болғандар мен жағдайы төмендерге жәрдемдесесің” - деп

жұбатып жатты.

11

Міне‚ осылайша уахи Расулұллаһқа ойда жоқта болмаған

сәтте келген. Қорыққан кезде сол сезіммен пайда бола-

тын дененің сууы‚ бет-жүздің өзгеруі, тістердің сатырлауы

23

11

Бұхари, Сахих, Бәдул-Уахи, 7.