“Хикмет”
баспа үйі
Уахи мен шабыт арасындағы басқа да маңызды айырма-
шылық мынада: уахи - көлеңкесіз, таза, әрі қас пенделер-
ге тән. Шабыт болса - көлеңкелі, түрлері аралас, жалпыға
тән. Періштелерге, дәрежелеріне қарай адамдарға, тіпті
хайуандарға берілген шабыттар секілді түрлі шабыттар, теңіз
тамшыларындай бітіп-таусылмайтын иләһи сөздердің ішінде
орын алады.
Кәшф (көрегендік) жалпылай қарағанда рухани
тәрбиенің, ұзақ ойлау мен мұрақабаның (пенденің ішкі
жан дүниесінде өзін-өзі бақылауы) жемісі болғандықтан, ол
адамның мүлтіксіз, толық сенімін қалыптастырмайды. Кәшф
дәрежедегі адам жеткен білімінің негізгі бұлағын білмейді‚
бірақ, жүрегінде бір нәрселерді сезінеді.
Уахидағы діни ақиқаттардың және ғайб хабарларының
алынуы, өте шапшаң сезім мен жасырын аңғарумен бей-
мәлімдік пердесін ашуға тырысқан және “санадан тыс” делі-
нетін жағдайлардың механизміне қарай іске аспайды.
5
Тіпті‚
шындықты, көбінесе тек қарапайымдандырып, бөліп түсіне
алатын ақыл мен қисынның әрең алға жылжып, жарым-жар-
тылай білуіндей де болмайды. Демек‚ уахи - сөйлеген, әмір ет-
кен, берген, иләһи Заттан (Аллаһтан) тыңдаушы, әмір алушы
және қабылдаушы адам пайғамбарға келген бұйрықтар мен
айқындаулар деген сөз.
УАХИДІҢ ТҮСУІ
Құран бізге уахидің үш түрлі болатындығын мына аятта
білдіреді: “Аллаһ әрқандай адаммен тек уахи (көкейіне салу)
арқылы немесе перде артынан, яки бір пайғамбар жіберіп өз
әмірімен соған қалағанын уахи ету арқылы сөйлеседі. Аллаһ
расында аса үстем, хикмет иесі”
(Шура, 51)
.
18
5
Субхи Салих, Мабахис, 27-бет