Previous Page  17 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Демек, уахи мына үш түрдің біреуімен болады:

а) Аллаһ мағынаны нәбидің жүрегіне салады.

ә) Бір перде артынан нәбиге үндейді. Хазіреті Мұсаға

ағаштан үндегені секілді.

б) Уахи әкелуге міндеттелген бір періштені елші ретінде

жібереді. Уахи сөзінен бірінші ретте түсіндірілетін мағына да

осы. Құран Кәрім басқаша емес, әрдайым осы жолмен, яғни

Жәбірейіл (а.с.) арқылытүскен.

Тәклим

(ешдәнекерсіз сөйлеу),

шабыт беру немесе ұйқыда ешқандай уахи келмеген.

6

Уахидің келу түрін Расулдан (с.а.у.) басқа ешбір адам

түсіне алмайтындықтан, мұны ақылмен тергемей, тек Оның

білдіргенімен үйрене аламыз. Ол да бұл туралы хадисінде:

“Періште, кейде мағаншыңғырған дауысқа ұқсас бір түрде ке-

леді. Маған ең ауыр болатыны осы түрі.* Оның айтқандарын

жадымда сақтағаннан кейін, ол менен кетеді.

7

Кейде періш-

те маған адам кейпінде көрінеді. Маған айтады. Мен оның

айтқандарын сақтаймын” - дейді.

Міне‚ осы екінші түрі - уахидің ең оңай жолмен келген

түрі. Уахидің бұл түрі көбінесе сахабадан Дихйә есімді кісінің

кейпінде, кейде белгісіз бір бәдәуидіңпошымында келеді. Кей-

бір ғалымдардың айтуынша, Құранның уахиы көбінесе бірін-

ші түрде, яғни Жәбірейіл періштенің негізгі өз жаратылған

кейпінде келуі арқылы әрі Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.)

адамдық қасиеттен періштелік қасиетке көтерілуі арқылы

қабылданған. Жәбірейілдің адам бейнесінде келуі сүннет ре-

тінде қалыптасқан уахиді әкелген жағдайдағысы еді.

8

19

6

М. Мұхаммед Әбу Шуһбә, әл-Мадхәл, 61-63 бет.

* Бұған қоса бұл хадисті риуаят еткен Хз. Айша күннің суық болғанына

қарамастан Хз. Пайғамбардың уахи толығымен түсіп біткенге дейін

шылқылдаған тер ішінде болғандығын жеткізген.

7

Бұхари, Сахих, Бәдул-Уахи, 1.

8

М. Мұхаммед Әбу Шуһбә, әл-Мадхәл, 63-бет.