“Хикмет”
баспа үйі
белгілеп алуға да және бірнеше миль қашықтықтағы ұшқан
шыбынның дауысын тура қасымыздағы секілді тыңдауға да
мүмкіндіктер бар.
1
Адамдар ести алмайтын және сезбейтін
біршама дауыстар мен иістерді кейбір жануарлардың сезе
алатындығы бар. Жануарлардың да‚ адамдардың да арасында
телепатия (көзге көрінбейтін байланыс) іске асуда.
Дәл сол секілді Аллаһ Тағаладан келген иләһи (тәңірлік)
үндеуді - адамдардың арасында тек қана Пайғамбардың
(саллаллаһу алейһи уәсәлләм) естуі таңданарлық жәйт емес.
Сондықтан біз аңғарып, анық-қанығына жете алмайтын
әлемге тән иләһи сөздің мазмұнын да білуге мәжбүр де‚ мін-
детті де емеспіз.
Уахи
Аллаһ Тағала Кәләмі (сөзі) арқылы қалауын және ісін
көрсетеді. Аллаһтың қалауы мен жаратушылығының
көрсеткіші болыптабылатын сөздері бітіп, таусылмайды. Әлем
жүйесі Оның тәкуини (жаратушылық) әмірлерінен құралған.
Мінеки, сол жүйені түсіну, түсіндіру және одан бірнешеуін
басқарудың билігі мен қабілетін жабдықтап, Өзіне жауапты
әрі жер-жүзіне уәкіл етіп тағайындаған адамға бұл кешенді
жүйені қалай пайдалану керектігін Кәләмімен (сөзімен) біл-
дірген.
Аллаһтың қалау сипатынан туындаған “күн” (бол) деген
әмірі – тәкуини (жарату) шариғатын ал‚ кәләм сипатынан
келген уахи болса - тәнзили (түсу) шариғатын көрсетеді. Бұл
екі шариғат бірігіп “аят” деп аталады. Өйткені, әлемдегі жүйе
һәм тәңірлік сөз Аллаһтың дәлелі (аят) болып табылады.
Уахи сөздікте - ымдау, сыбырлау, өте шапшаң ишарат ету,
жазу, басқаға бір нәрсені жеткізу, шабыт
(Нахл, 68)
және үгіттеу
13
1
Уахдиддин Хан, әл-Ислам, 161 бет.