“Хикмет”
баспа үйі
Қандай да бір өнерпаздың еңбегі, мысалға сағатты
алар болсақ, ол оны жасаған ұстаның тірі, тіршілік иесі
болғандығын айқындайды. Өмірде болмаған істі ешкім істей
алмайды.
Көріп, естіген нәрселерін ғана істейді. Дәлелдейді.
Көрместен, дауыстарды естіместен ол туындыны ешкім
жарыққа шығара алмайды.
Бұл оның қалауымен болғандығын көрсетеді. Қалаған-
дығы үшін жасады. Қаламаса жасамайтын еді.
Бұл демек‚ сағат ұстаның жынысынан болмағандығын
білдіреді. Ұста бір бөлек‚ оның еңбегі бір бөлек нәрсе.
Ондай туындыларды шығарған және ондай қасиеттерге
ие болған кісінің‚ сонымен қатар оларды жасаудағы мақсаты
болуы керек. Ол мүліктің неменеге жарайтындығын, қалай
қолданылатындығын көрсететін нұсқасы болуы керек.
Міне, бұл жағдай әлгі затты жасаушының ол жайлы сөзі
де болуын керек етеді. Демек‚ бұл нәрселерді жасаған кісінің
бұларды жасаудағы мақсатының не екендігін баяндамауы не-
месе баяндай алмауы мүмкін емес деген сөз.
Дәл осы сияқты жоғарыда берілген мысалдан мыңдаған
есе артық қалыптағы әлемдегі сансыз, есептеуге келмей-
тін туындыларымен Өзін танытқан, білдірген, сүйдірген
Раббымыздың адамзат ақылы таңырқап, қайран қалатын
орасан зор жаратқан нәрселерінің де әлбетте мақсаттары бар.
Өйткені‚ Оның өз жүйесіндегі біз үшін кішкентай, маңызсыз
секілді болып көрінген нәрселердің де біз білмейтін сыры мен
мақсаттары бар. Керексіз және мақсатсыз ешнәрсе жоқ. Тіп-
ті‚ өздеріне сана беріп жаратқандары туралы айтар болсақ та‚
оның одан да маңызды көптеген мақсаттары бар екені даусыз.
10