3
Кіріспе
Құрбан айт мерекесі қарсаңында оқырманға жол
тартып отырған қолдарыңыздағы кітаптың негізгі
мазмұны құрбан шалудың маңызы, құрбандықтың
дүниелік және ақыреттік пайдалары турасында. Уағыз
түрінде жазылған еңбекте жеткілікті дәрежеде аят-ха-
дис қамтылумен қатар құрбан шалудың бірқатар астар-
лы хикметтері де түсіндірілген.
Адам баласы әлденені шын сүйсе, сүйіктісінің
жолында нені болса да құрбан етуден тайынбақ емес.
Анығында мұсылманның ең сүйіктісі – Жаратушы ие
емес пе? Дін Ислам өз кезегінде адамға кейбір парыз-
дарды жүктеумен қатар, ақыретте сұрауы бар кей амал-
дарды да уәжіп еткен. Аллаһ разылығы үшін жылына
бір мәрте құрбан шалу соның бірі. Демек, адам баласы
өз еркімен Аллаһты шын жақсы көріп бір малын құрбан
етуі бар да, Аллаһтың әмірі болғаны үшін құрбан шалу
да бар. Қайжағынан алып қарасақ та мұсылманға құрбан
шалуы керек-ақ. «Малым – жанымның садағасы» дейді
қазақ. Ертең ақыретте лаулаған тозақ отынан жаны-
мызды алып қалатын осы дүниеде жасаған ізгілікті
істеріміз емес пе? Құрбан – сол ізгі істердің үлкені.
Қонақ келсе астындағы жалғыз атын сойып беру-
ге бар қазақтың мінезіне дініміздегі құрбан шалудың
жаттығы жоқ. Қашаннан малмен күнелткен қыр қазағы
пайғамбарымыздың «Құрбандыққа малдарыңның
ең көзге жұғымдысын шалыңдар» деген өсиетін