8
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Қабылдың сыңарын сол алатындығын айтады. Абыл
қой бағатын. Ол бір қойын шалып, Хақ тағала үшін
құрбан етті. Қабыл егінші еді. Ол да Хақ тағала жолын-
да бір десте бидайды құрбан етті
2
. Хақ тағала Абылдың
ғана құрбанын қабыл етеді. Бұл жайлы Құранда:
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ابْنَيْ آدَمَ بِالْحَقِّ إِذْ قَربَا قُرْبَانًا فَتُقُبِّلَ مِنْ أَحَدِهِمَا
وَ لَمْ يُتَقَبلْ مِنَ الْخَرِ قَالَ لََقْتُلَنكَ قَالَ إِنمَا يَتَقَبلُ اللُّ مِنَ
الْمُتقِينَ
«(Мұхаммед!) оларға Адамның (а.с) екі ұлының
әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі
Аллаһқа құрбан шалған еді. Сонда біреуінен
қабылданып, екіншісінен қабылданбады...»
3
, – деп
баяндалған.
Осы аяттан құрбандық шалудың адам бала-
сы жаратылғалы бері жүзеге асып келе жатқанын
байқаймыз. Өз уақытында Ибраһим пайғамбар да
құрбан шалған. Ибраһим пайғамбардың ұлы Исмайыл
тепсе темір үзетін жігіт болып, отбасы тірлігіне қол
ұшын бере бастады. Анда-санда әкесі Ибраһим келіп,
екеуі бірге таудан отын таситын. Бір күні Ибраһим
пайғамбар түс көреді. Кейбір деректерде бұл күннің Зил-
хижжа, яғни қажылық айының сегізінші күні екендігі
айтылады. Түсінде өз баласы Исмайылды Аллаһ тағала
жолында құрбандыққа шалып жатқанын көрді. Әлгі
түсін ертеңіне қажылық айының тоғызыншы (арапа)
күні тағы да көреді. Оныншы күні (құрбан айт күні)
2
«Мәида» сүресі, 27-аят.
3
«Мәида» сүресі, 27-аят.