Previous Page  10 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 112 Next Page
Page Background

10

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

Сәби күнінде әкесінің мұны айдалаға анасымен бірге

жалғыз тастап кеткенін, қанша жылдан соң көріссе де,

баласын құрбандыққа шалып, анасын тағы да жалғыз

тастамақ екендігін айтып азғырды. Исмайыл Ібілістің

сөзіне құлақ аспастан оны қуып жіберді. Артынан жеті

тас лақтырды. Қажылық кезіндегі шайтанға жеті тас

лақтыру осының бір көрінісі.

Хақ пайғамбар баласы екеуі Мина жеріне келді.

Ибраһим баласын жатқызып, жіппен байлады. Осы сәт

баласы әкесіне: «Менің көзімді байла, әйтпесе көзіме

көзің түсіп мейірімің оянар» деді. Ибраһим пышағымен

қанша рет кеңірдектен оңды-солды тартса да, пышақ

өтпей қойды. Бір кездері Хақ пайғамбар елін ақиқатқа

шақырғаны үшін Аллаһ жолында құрбан етіліп, отқа

тасталған болатын. Бірақ ол от Ибраһим пайғамбарды

өртемеген еді. Осы жолы да алмастай өткір пышақ

Аллаһ жолында құрбан етілген баласының мойнын

кеспеді. Хақ тағала отқа: «

Ей, от, Ибраһимге салқын

әрі жайлы бол

»

5

, – дегендей, бұл пышаққа да «жұмсақ

бол» деп әмір еткен еді. Өйткені Аллаһтың хикметі

баласын құрбандыққа шалу емес, екеуінің ниеті мен

адалдығын сынау болғаны анық. Һәм бұлардың осы

сынақтан қалай мүдірмей өткенін бүкіл періштелерге

көрсетіп, жер бетіне халифа жаратуындағы хикметін

тағы бір рет паш етуі әрі қияметке дейінгі адамзатқа

өнеге екендігін дәлелдемек еді. Осылайша Хақ

тағаланың хикметі мерзімі келгенде іске асты. Әкелі-

5

«Әнбия» сүресі 69-аят