15
Құрбан шалудың хикметтері
«Құрбандық – Ибраһим (а.с.) бабамыздан қалған
сүннет. Құрбандыққа шалған малдың әрбір тал
қылшығына сауап жазылады».
Құрбан шалған адам негізінен басқаға емес алды-
мен өзіне жақсылық жасап, өзі үшін сойып жатқанын
түсінуі керек. Сойылған құрбан арқылы отбасында және
қоғамда көптеген оңды істер көрініс табады, Екінші
жағынан малды Аллаһ жолында арнау ақыретте таудай
сауап әрі рухани дәреже түрінде кісіге қайтарылмақ.
Шалынған малдың қаны жерге тамбай жатып кісінің
ниеті мен ықыласы көкке жетіп, амал дәптеріне сау-
аптан жазылады. Хадис-шәріптердің бірінде садақаға
берілген бір құрманың өзі ақыретте таудай болып
өсетіні айтылған. Ал Құран кәрім бұл жайлы:
«Істеген
ізгі істеріңнің бәрі өздерің үшін. Жасаған сауапты
амалдарың тек қана Аллаһ разылығы үшін. Игі
істеріңнің қарымтасы толығымен қайтарылады,
ешкімнің де ақысы желінбейді»
12
десе, тағы бір аят-
та:
«Намаз оқыңдар, зекет беріңдер, өздерің үшін
істеген жақсылықтарыңды ертең Аллаһтың алды-
нан табасыңдар. Сөз жоқ, Аллаһ барлық істеріңді
көреді»
13
дейді.
Сырттай қарайтын болсақ, құрбан шалу, нәпіл
садақа – барлығы да адамның өзгелер үшін қызмет
ету, біреуді бақытты қыла отырып өзін бақытты сезіну
секілді көрінгенімен, мұның бәрі кісінің өзі үшін жа-
салатын ақыреттік қам. Адам баласының табиғатында
«мендік» сезім бар. Пенде алдымен өзін жақсы көреді,
иманды адам алдымен өзінің ақыретіне алаңдайды. Осы
12
«Бақара» сүресі, 272-аят.
13
«Бақара» сүресі, 110-аят.