20
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
етіп жібердік
»
19
деген. Барлық ғибадаттар мен құрбан
шалу да осы ықылас аясына кіреді. Аллаһтан басқасы
үшін құрбан шалу – харам. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
:
«Аллаһтан басқаның атымен құрбан шалғанды
қарғыс атсын»
20
деген.
Құрбан шалуға шамасы жетпегендер
Құрбан шалуға жағдайы жетпегендер мереке-
де құрбан шалғандарға қарап «Шіркін-ай, мен де
бір қой алып құрбан шалар ма едім» деп қызығуы
мүмкін. Әрине, сауапты іске қызыққанның айыбы
жоқ. Бірақ құрбан шала алмай қалған адамның өзін-өзі
тауысуының керегі жоқ. Оның мынандай себептері бар.
Кез келген мұсылман амалымен жете алмаған
сауапқа ниетімен жете алады.
«Амал ниетке қарай
бағаланады. Мүминге ниет еткен нәрсесі беріледі»
21
немесе
«Мүминнің ниеті амалынан қайырлы»
22
деген
хадистерге қарасақ, тұрмысы төмен мұсылмандардың
«Жағдайым келсе мен де құрбан шалар едім» деп бұл
ғибадатқа шын қызығуы оған сол құрбанды шалғандай
сауапқа кенелтетінін көреміз.
Осыдан он төрт ғасыр бұрын пайғамбарымыз
жағдайы келмеген мұсылман үмбетінің атынан құрбан
шалған. Ол туралы Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
құрбандық шалуға
жағдайы жоқ, кедей адамдардың атынан да құрбан
19
«Әнбия» сүресі, 25-аят.
20
Мүслим, Адаһи 43-45.
21
Бұхари, Бәдул Уахи, 1. Мәнақибул-Ансар, 45. Талақ, 11. Хиял,
1. Мүслим, Имара, 155. Әбу Дәуіт, Талақ, 11.
22
Суюти, Жамиус-сағир, 4/3810, әл-Мүнауи, Фәйзул-қадир,
6/291.