Previous Page  19 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 112 Next Page
Page Background

19

Құрбан шалудың хикметтері

«Шынайы ықыласыңды көрдім. Алайда, оны жақын

туыстарыңа бөліп бергенің дұрыс деп ойлаймын» деді.

Сонда Әбу Талха (р.а.): «Ендеше, айтқаныңыз болсын,

солай істейін» деп бақшаны ет жақындары мен неме-

ре аға-інілеріне үлестіріп берді»

17

.

Заттыжақсыкөріп, оның иесінжақсыкөрмеу қандай

ақымақтық болса, дүниені жақсы көріп, оның шынайы

иесі Аллаһты жақсы көрмеу де сондай ақымақтық.

Сондықтан дүниені шынайы иесі Аллаһ үшін жұмсау,

бұйырғанын істеу арқылы Аллаһ тағалаға жақындай

түсеміз. Құранда:

«Тапқан малың, тоқтап қалуынан

қорыққан саудаларың, жақсы көрген үйлерің сен-

дерге Аллаһтан, пайғамбарынан әрі Аллаһ жолын-

да соғысудан артық көрінсе, Аллаһтың әмірі кел-

генге дейін күтіңдер. Аллаһ бұзық қауымды тура

жолға салмайды»

18

делінген. Құрбан малы Аллаһтан,

пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

артық емес.

Дүниедегі барлық нәрсе Аллаһтың жолында жұмсалса

ғана құнды болады, мәңгілікке айналады.

Құрбан шалу – ықыластың белгісі

Құрбан малы таза ниетпен шалынады. Аллаһ

бұйырғандығы үшін, Аллаһтың атымен, Аллаһтың

разылығы үшін шалынады. Шынайы ықылас деген

осы. Құранда «

Ендеше, сен Раббың үшін намаз оқы

және құрбан шал»

деген аят осы ықыластан тай-

мау үшін айтылған. Аллаһ тағала пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Сенен бұрын бір пайғамбар

жіберсек, оған: «Менен басқа ешбір тәңір жоқ.

Маған ғана құлшылық қылыңдар» деп қана уахи

17

Бұхари, Зекет 44; Мүслим, Зекет 42.

18

«Тәубе» сүресі, 24-аят.