24
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
бисмилламен отырып, Құранмен, батамен тұру үрдісін
одан әрі жандандырамыз.
Құрбан шалу – өкпе-ренішті жояды
«Мұсылмандар – өзара бауыр. Олай бол-
са бауырларыңмен араларыңды дұрыстаңдар
және Аллаһтан қорқыңдар. Сонда есендікте
боласыңдар»
28
.
Құранның әр әрпінің Аллаһтан екенін
білген мұсылмандар осы аяттың өмірдегі көрінісі
іспеттес. Құрбан айттағы елдің үй-үйді аралап мере-
кемен құттықтауы, ас-табаққа ортақтасып, біріне-бірі
сыйлық беруі, бірін-бірі қонаққа шақыруы көңілді
жібітіп, бұрынғы өкпе-ренішті жоймақ.
Құрбан шалу – кедейлерге
қарайласудың белгісі
Құранда: «
Түйе мен сиырды сендер үшін
Аллаһтың белгілері (құрбандықтары) қылдық.
Мұнда сендер үшін қайыр бар. Оларды Аллаһтың
атымен сойыңдар да, өздерің де жеңдер, өзгеге де
беріңдер. Шүкір етулерің үшін малды еріктеріңе
бердік»
29
дейді.
Аллаһ тағала бізге түйе, сиыр, қой-
ешкіні азық үшін жаратқан.
Салама ибн Ақуа (р.а.) риуаятында Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айт құтбасында: «
Кімде-кім құрбан
шалатын болса, айттың үшінші түнінен қалдырмай
барлығын таратсын»
деп бұйырды. Бір жыл өткеннен
кейін сахабалар құрбан етін өткен жылғыдай тарату ке-
рек я керек еместігін сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «
Бұл жылы өздерің жеңдер,
28
«Хұжырат» сүресі, 10-аят.
29
«Хаж» сүресі 36-аят.