23
Құрбан шалудың хикметтері
деген. Ал бұл секілді белгілерді құрметтеу шынайы
иманнан екендігі жайлы Құран кәрімде: ِ
وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللِّ فَإِنهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوب
«
Кімде-кім Аллаһтың нышандарын (белгі-
лерін) ұлықтаған болса, күдіксіз бұл жүректегі
тақуалықтан
»
27
деп айтылады.
Құрбан айт – Аллаһқа серік қосқандардың,
атеистердің, адасқандардың, пұттарға, күнге, айға
табынғандардың мейрамы емес, тек бір Аллаһқа
құлшылық етушілердің, таза ниетпен құрбан шалушы
мұсылмандардың мейрамы.
Құрбан шалу – қонақжайлылықтың
көрінісі
Құрбан шалғаннан кейін қонақ шақырып, туыс-
туғандарға, кедейлерге және тұрғындарға ет беріп,
көңілдеріне қуаныш сыйлау – нағыз мұсылманның,
қонақжай қазақтың сипаты. Өзі жемесе де өзгеге
жегізетін, балалары жемесе де қонаққа жегізетін
қонақжай халықтың құрбан шалып, ет таратуы жанына
жақын іс.
Құрбан айт күні құрбан шалынып, елдің бір-біріне
ет таратып, қонаққа шақырып, дәмнен ауыз тиіп, өзара
зиярат етулері, сыйлық таратулары арқылы көңілдерін-
дегі реніш пен кектерін кешіріп, сыйластықтары одан
сайын арта түспек. Туыс-туғандардың, достардың,
көрші-қолаңдардың, әріптестердің арасында айтта-
рымен құттықтаулар болады. Құрбан айтта осылайша
жүрегіміз жамандық атаулыдан тазарып, иман мен
игілікке толады. Салт-дәстүрімізде бар дастарханға
27
«Хаж» сүресі, 32-аят.