Previous Page  18 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 112 Next Page
Page Background

18

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де,

өлімім де бүкіл әлемнің Раббы Аллаһ тағала үшін.

Оның еш серігі жоқ»

16

деп құрбан шалады. Аллаһтың

бұйрығын орындап, Оған деген бойсұнғыштықтың

кәміл екендігін білдіреді.

Құрбан шалу пендені Аллаһқа

жақындатады

«Құрбан» сөзінің мағынасы «жақындау» дегенді

білдіреді. Адам сүйгенімен бірге болуды қалайды,

ол үшін ең құнды нәрсесін жұмсайды, барлық

қиыншылыққа төзеді. Аллаһпен бірге болу үшін, Оған

жақын болу үшін де кісі құрбандық шалады.

Әнәс

(р.а.)

былай

дейді:

«Ансарлардың

Мәдинадағы құрма бақшаларының басым бөлігі

Әбу Талханың (р.а.) еншісінде еді. Оның ең сүйікті

дүниесі пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мешітіне қарама-қарсы орналасқан Бәйруха атты

құрма бағы болатын. Расулаллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сол бақшаға жиі барып тұратын еді. Бірде «Жақсы

көрген дүниелеріңнен Аллаһ жолында жұмсамайынша,

ізгілікке жете алмайсыңдар» деген аят түскенде, Әбу

Талха келіп: «Уа, расулаллаһ, Аллаһ тағала сізге жаңа

аят түсірді. Менің ең жақсы көретін дүнием Бәйруха.

Енді оны Аллаһ тағаланың разылығы үшін садақа

етіп беремін. Аллаһ тағаланың құзырында оның

жақсылығын көруді әрі мен үшін сауап қоры болуын

тілеймін. Сіз соны қабыл алып, Аллаһтың қалауы бой-

ынша пайдаланыңыз» деді. Сонда Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

оған: «Бәрекелді, жарайсың! Мол табыс

әкелетін дүние, міне, осы» деп екі қайтара айтып:

16

«Әнғам» сүресі, 162-аят.