13
Құрбан шалудың хикметтері
Құрбан айттың алғашқы күні мен
түніне Аллаһ тағала ант еткен
Құран кәрімнің бірнеше жерінде Аллаһ тағала асыр
уақытымен, бірде ақырет күнімен және т.б. маңызды
нәрселердің атымен ант еткен. Соның бірі Құрандағы
«Буруж» сүресінің үшінші аятында «
уә шаһидиу уа
машһуд
»
(Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт) деп
ант етеді. Бұл аяттағы «
шаһид
» (Куәлік беруші) сөзі
тәпсірлерде Арафа күні деп айтылса, «
машһуд
» (куәлік
берілген) құрбан айттың бірінші күні деп түсіндірілген.
Бұлай дейтін себебіміз, мұсылман әлеміне белгілі
тәпсірші Имам Рази бұл аят жайлы былай деген:
«Шаһид» – арапа күні, ал «машһуд» – құрбан айт күні.
Өйткені бұл екі күн Аллаһ тағаланың қасиетті санаған,
мән берген және қажылықтың ең маңызды екі күні
болып табылады. Сондықтан бұл екі күн (құрбан айт
пен арапа) Аллаһтың кешіріміне лайықты жандарға
ақыретте куәлік етеді» деген. Бір риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
екі қошқарды құрбандыққа шалып:
«Бұл менің дінді таратқандығыма куәлік етеді»
деп, қошқардың да куәлік еткеніндей айт күндерінің
мұсылмандарға жақсылықта куәлік ететінін білдірген.
Құран кәрімнің тағы бір жерінде Құрбан айттың
күндерімен қоса түндеріне де ант етілген. «Фәжр»
сүресінің 1-2-аяттарында: «
Ағарған таңға, он түнге
серт
» делінген. Аяттағы
«ағарған таң»
жұма және айт