9
Құрбан шалудың тарихы
үшінші рет көреді. Сосын бұл түстің жай түс емес,
Хақ тағаланың әмірі екендігін айқын аңғарады. Аллаһ
тағала Ибраһим пайғамбарды ауыр сынаққа салған еді.
Бір пайғамбардың бауыр еті баласын құрбан етіп ша-
луы, әлбетте, оңай емес. Сондықтан Хақ тағала оған
түсінде үш рет аян беріп, ауыр сынаққа бойын әсте-әсте
үйретеді.
Хақ пайғамбар баласы Исмайылға: «Қолыңа балта
мен пышақ, жібіңді ал, тауға отын алуға барамыз», –
деді. Осылайша екеуі жолға шықты. Жолда баласына
көрген түсін айтты:
َقَالَ يَا بُنَي إِنِّي أَرَى فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانْظُرْ مَاذَا تَرَى، قَالَ
يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ سَتَجِدُنِي إِن شَاء اللُّ مِنَ الصابِرِين
«Балам! Бірнеше күннен бері ылғи түсімде сені
құрбандыққа
шалып
жатқанымды көремін. Осыған
не дейсің?». Баласы (ойланбастан): «Әкетай! Саған
қандай нәрсе әмір етілсе, соны дереу орындағаның
жөн. Бұйырса, мені Хақ тағаланың әміріне бағынуда
сабыр етушілердің қатарынан табасың»
4
, – деді.
Исмайылдың бұл жауабынан оның Аллаһтың
әмірін екі етпейтін аса бағынышты құл екендігі
байқалды. Ибраһим (а.с.) баласының жауабына іштей
қатты сүйсінді.
Олар жолда келе жатқанда алдарынан Ібіліс шығып,
Ибраһим пайғамбарды азғыруға тырысты. «Адам өз ба-
ласын өзі құрбандыққа шала ма екен?» деп жолын кес-
кестеді. Алайда Хақ пайғамбар оның сөздеріне құлақ
аспады. Ібіліс енді хазірет Исмайылға түрлі ой салады.
4
«Саффат» сүресі, 102-аят.