Previous Page  4 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 112 Next Page
Page Background

4

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

естен шығармай, жыл сайын төлдің қай күйлісін ар-

найы жемдеп, құрбандыққа деп атайтын еді. Бұл да

пайғамбарымыздың әр сөзінің тұрмысымызбен біте

қайнасып кеткенінің көрінісі болса керек. Ертең қыл

көпірден өте алмай, амалымыз әбден таусылып, жаны-

мыз мұрнымыздың ұшына келгенде де бізге көмекке

келетін жыл сайын сойған құрбандығымыз екен.

Хош, айта берсек бұл құрбандықтың пайдасын

тауыса аламыз ба? Қазақ қазақ болғалы етсіз отырған

емес. Соғым деп жылына кемінде бір малды алып келіп

сойып жатамыз. Қалтамыз көтеріп жатса күздік пен әр

қонаққа соятын қойымыз тағы бар. Мұның бәрі біздің

тіршілігіміздің қамы еді. Ал ақыретімізге атайтынымыз

беретін зекетіміз бен шалатын құрбан. Шама келгенше

осы құлшылығымызды шын ықыласпен орындауды

жазса дейміз.

Біздің шалған құрбандығымыздың етіне де,

басқасына да Аллаһ тағала мұқтаж емес. Аллаһ жо-

лында әлденені құрбан етуге мына біз мұқтажбыз.

Махшар алаңында сауабымыз еселеніп көбейсе

дейміз. Кедей-кепшікті бір тойындырып, алғысы мен

қайырлы дұғасын алмаққа ұмтыламыз. Мұның бәрі

біздің ақыретке дайындығымыз. Ал дүниелік пайда-

лары өз алдына. Олай дейтініміз, Аллаһтың діні – екі

дүниенің де бақыты. Исламның жолынан аумаған адам

қос дүниеде де мерейлі. Осы тұрғыдан құрбан шалудың

бұл дүниелік пайдалары да жетіп артылады. Оның

сараңдықтан құтылудың бірден бір амалы екені, жал-

пы садақа берудің қолдағы дүниемізге береке әкелетіні,

жетім-жесірге қарайласу Аллаһтың алдында ғана емес,

бұл дүниеде де кісіге абырой әперетіні – бәрі-бәрі

қолдарыңыздағы кітапта бар.