7
Құрбан шалудың тарихы
Құрбан шалу – бағзы заманнан жалғасын тауып
келе жатқан, әр пайғамбардың үмбетіне міндеттелген
ғибадат түрі. Құранда бұл шындық турасында:
وَلِكُلِّ أُمةٍ جَعَلْنَا مَنْسَكًا لِيَذْكُرُوا اسْمَ اللِّ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُمْ مِنْ
بَهِيمَةِ الَْنْعَامِ
«Біз әрбір үмбет үшін өздеріне берген мал-
дан Аллаһтың ғана атын атап, құрбан шалуды
бекіттік»
1
– деп, құрбан шалудың ілгергі әрбір дінде
болғанын баяндаумен қатар, құрбанға қатыстыоқиғалар
да жазылған. Мысалы, Хауа ананың Абыл мен Қабыл
деген ұлдары өз жұптарымен (қарындастарымен)
дүниеге егіз келген. Адам (а.с.) оларға өз сыңарына
емес, өзге егіздердің сыңарларымен үйлену керектігін
айтқан еді. Сондықтан да Абыл Қабылдың, ал Қабыл
Абылдың сыңарына үйленуге тиісті болды. Бірақ
Қабылдың сыңары Абылдың сыңарынан сұлу болатын.
Сондықтан ол бұл үкімге бас имей, өз егізімен үйленуді
қалайды. Адам әкесі оған қанша түсіндіргенмен, ол
алған бетінен қайтпай, бірбеткейлік танытты. Сонда
Адам ата екеуіне Аллаһ үшін құрбан шалу керектігін
тапсырады. Хақ тағала кімнің құрбанын қабыл қылса,
1
«Хаж» сүресі, 34-аят.