Previous Page  11 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 112 Next Page
Page Background

11

Құрбан шалудың тарихы

балалы қос пайғамбар сынақтан сүрінбей өтті. Осы кез-

де Аллаһтан аян келді. Құранда:

وَنَادَيْنَاهُ أَنْ يَا إِبْرَاهِيمُ قَدْ صَدقْتَ الرّؤْيَا إِنا كَذَلِكَ نَجْزِي

الْمُحْسِنِينَ إِن هَذَا لَهُوَ الْبَلَء الْمُبِينُ وَفَدَيْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ وَتَرَكْنَا

عَلَيْهِ فِي الْخِرِينَ سَلَمٌ عَلَى إِبْرَاهِيمَ كَذَلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ

«Ей, Ибраһим! – деп дауыстадық. Рас, түсіңді

растадың. Күдіксіз, ізгі іс істегендерді осылайша мара-

паттаймыз. Шын мәнінде, бұл бір ашық сынақ еді. Оны

бір ірі құрбандыққа ауыстырдық. Оған кейінгілердің

арасында (жақсы даңқ) қалдырдық. Ибраһимға сәлем.

Рас ізгі амал етушілерді біз осылайша сыйлаймыз»

6

,

деп айтылады.

Хақ пайғамбар баласы екеуі осы дауысты естіп

жан-жақтарына қарады. Олар аспаннан бір қошқарды

алып түсіп келе жатқан Жәбірейілді көрді. Жәбірейіл

Ибраһим пайғамбарға: «Мына қошқар қырық жыл жан-

натта тұрды. Ал енді балаңның орнына осыны құрбанға

шал», – дейді. Осыдан кейін баласы екеуі әлгі қошқарды

құрбандыққа шалып, Хақ тағалаға шүкіршілік етті.

Ибраһим пайғамбардың бұл құрбан шалу рәсімі

жалғасын тауып, пайғамбарымыз Мұхаммедке

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

де келіп жетті.

Құрбан шалу «Кәусар» сүресінің 1-2-аяттарында

«Бізшынымен де саған кәусардыбердік. Сен Раббың

үшін намаз оқы және құрбан шал»

деген бұйрығы

арқылы білдірілген. Аллаһтың әмірімен жалғыз өзіне

парыз болған шүкір намазын оқу мен

құрбан шалуды

6

«Саффат» сүресі, 104-108-аяттар.