17
Құрбан шалудың хикметтері
бай. Сонда оқымысты: «Өтірік айтасың, күнәні жақсы
көресің, өйткені өзіңмен бірге ақыретке күнәні алып,
малыңды осында тастап бара жатырсың. Егер малыңды
жақсы көргеніңде, алдымен сол малыңды қазірден бас-
тап мәңгілік тұрағыңа жөнелте берер едің» – депті.
Рас, ақылды адам керегін жолға тастап кетпей,
баратын жеріне жібере бермей ме? Аллаһ жолында
әлденесін құрбан еткен адам сол құрбандығын өзімен
бірге әкетіп бара жатқан болып саналады. Тіпті Аллаһ
тағала оның сауап үшін жұмсаған малын еселеп береді.
Әби Масғуд Ансари Пайғамбарымызға мұрындығынан
жетектеп бір түйе алып келіп, «Бұны Аллаһ үшін
беремін» дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Берген бұл
бір түйең ақыретте 700 түйе болып қайтарылады» деп
қуантады.
Құрбан шалу – бойсұнғыштықтың
белгісі
Қартайғанда көрген жалғызы Исмайылды Ибраһим
пайғамбар түсінде құрбандыққа шалып жатқанын
көреді. Бұл түстен баласын құрбандыққа шалу Аллаһ
тағаланың бұйрығы екенін түсінді. Аллаһтың әмірін
екі етпеген Ибраһим (а.с.) мұны да орындауға бел буа-
ды. Ұлы Исмайыл бұл хабарды естігенде, бар болғаны
былай дейді:
«Әкетай, Аллаһтың бұйырғанын орын-
да»
. Бірақ Аллаһ тағала Ибраһимге қошқар түсіріп, Ис-
майылды сақтап қалады. Осындай бойсұнғыштықтың,
Аллаһтың бұйрығын күмәнданбастан орындаудың
арқасында өзінен кейінгі ақыретке дейін жалғасып жа-
татын адам баласына үлгі болды. Негізінде адамның
шалатын құрбан малы да, өзінің өмірі мен өлімі де
бір Аллаһтікі. Сондықтан құрбан шалушы
«Күмәнсіз,