Previous Page  21 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 112 Next Page
Page Background

21

Құрбан шалудың хикметтері

шалғанын былай баяндайды:

«Хазірет пайғамбарымыз

құрбандыққа бір қошқарды шаларда: َ

اللهُم مِنْكَ وَ لَكَ عَنْ مُحَمدِ وَ أُمتِهِ، بِسْمِ اللِّ وَ اللُّ أَكبَر، ثُم ذَبَح

«Уа, Аллаһ тағалам ым! Бізге берген несібеңнен

өз разылығың үшін, менің және үмбетімнен құрбан

шалуға шамасы жетпегендердің атынан, Бисмиллаһи,

Аллаһу әкбар» деді дағы қошқарды құрбандыққа

шалды

»

23

.

Жәбир (р.а.) жеткізген және бір хадисте

пайғамбарымыздың құрбан мерекесінде екі қошқарды

құрбандыққа сойып жатып:

«Аллаһты жалғыз деп

білетін мұсылман ретінде жүзімді жер мен көкті

жаратқан Аллаһқа бұрдым. Мен мүшрік емеспін»

дейді де,

«Намазым, басқа да ғибадаттарым, өлім

мен өмірім барша әлемнің Раббы, ешбір серігі жоқ

Аллаһтың иелігінде. Маған осындай әмір келді. Мен

осы үмбеттің алғашқы мұсылманымын»

24

деген аятты

оқиды. Сосын қайтадан былай деп дұға етті:

«Уа, Раб-

бым, Мұхаммед пен үмбетінен мына құрбанды қабыл

ал. Бисмилләһи, Аллаһу әкбар!»

25

деп құрбан шалған.

Құрбан айтқа дайындық жасау да сауап. Абдуллаһ

ибн Амр әл-Астан жеткен хадисте пайғамбарымыз

былай дейді:

«Құрбан күнін мереке ретінде тойлауға

міндеттімін. Аллаһ ол күнді біздің үмбетке мейрам

етті».

Мұны естіген әлдебір кісі пайғамбарымыздан:

«Менде қарызға алған жалғыз малымнан басқа мал

жоқ. Не істейін, соны сояйын ба?» деп сұрайды.

Пайғамбарымыз оған

«Жоқ, – шашыңды алып,

23

Әбу Дәуіт, Құрбан, 8; Тирмизи, Адахи, 21.

24

«Әнғам» сүресі, 162-аят.

25

Әбу Дәуіт, Дахая 4, Тирмизи, Әдаһи 21, Ибн Мажә, Әдаһи 1.