27
Құрбан шалудың хикметтері
қатты азаптайды»
35
, – делінген. Тағы бір хадисте
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Жомарт – Аллаһқа,
жаннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс.
Сараң – Аллаһтан, жаннаттан және ел-жұрттан
алыс, жаһаннамға жақын»
36
деген.
Құранда Аллаһ тағала дүниеде сараңдық
танытқандар жайлы:
ٌوَلَ يَحْسَبَن الذينَ يَبْخَلُونَ بِمَآ ءَاتَاهُمُ اللُّ مِن فَضْلِهِ هُوَ خَيْراً لهُم
بَلْ هُوَ شَرّ لهُمْ سَيُطَوقُونَ مَا بَخِلُواْ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
«
Аллаһтың
кеңшілігінен
өздеріне
берілген
нәрселерін (басқаларға бермей) сараңдық істегендер
бұл істерін өздеріне қайырлы деп ойламасын. Жоқ,
тіпті (бұл істері) өздері үшін ең үлкен жамандық.
Ақырет күні сараңдық жасаған дүниелері мойындары-
на оралады
»
37
, – деген.
Құрбан шалу – тақуалардың ісі
Фиқһ қағидасы бойынша, Құрбан шалған адам өз
мойнындағы міндетінен құтылады. Алайда бұдан да
маңызды мәселе бар, ол мұсылманның жүрегіндегі
тақуалығы. Шалынған құрбанның қабыл болуы
адамның тақуалығына да байланысты. Құранда
«Шындығында Аллаһ тақуалардан қабыл алады»
38
делінген.
Әсілінде, Аллаһ тағалаға құлының пәк ниеті мен
кең пейілі аса маңызды. Өйткені Аллаһ тағала біздің
шалған құрбандарымыздың бір тамшы қанына немесе
35
әт-Табарани.
36
Тирмизи, Бирр, 40.
37
«Әли-Имран» сүресі, 180-аят.
38
«Маида» сүресі, 27-аят.