31
Құрбандық
«Құрбан» сөзінің мағынасы
Араб тілінде құрбан сөзінің мағынасы «жақындау»
деген мағынаны білдіреді. Яғни, пенделік пейілден
арылып, жасаған ізгі амалдармен жүректі тазартып,
Жаратушы иеге бір табан жақындай түсу. Шариғаттағы
мағынасы: «
Құлшылығын орындап, Аллаһ тағалаға
жақындау ниетімен мал cою
» дегенді білдіреді.
Құрбандықтың түрлері
Зулхиджа айының 10,11,12-күндері Меккеде
қажылық жасаушылар құрбан шалғаны секілді басқа
жерлерде де шамасы жеткен мұсылмандар құрбан ша-
лады және бұл үш күн «құрбан күндері» деп аталады.
Қажылық жасаушылардың бұл құрбан күндері шалған
құрбандарына «һәди» құрбаны делінсе, қажылыққа кел-
меген мұсылмандардың өз елді-мекендерінде шалған
құрбандары «ұдһия» құрбаны деп аталады. Сонымен
қатар тек құрбан айт күндерінде емес, қалаған күндері
шалынатын құрбандар бар, олар: ақиқа құрбаны, нәзір
құрбаны және нәпіл құрбандар.