35
Құрбандық
«Кедей мен жолаушыға құрбан шалу міндетті
емес»
55
делінген. Және пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
: «
Кімде-кім мүмкіндігі бола тұрып құрбан шал-
маса, намаз оқитын жерімізге жақындамасын
» де-
ген хадистегі «мүмкіндігі бола тұра» деген сөзі құрбан
шалушының ауқатты, бай болу керектігін білдіреді.
Бай болу деп, негізгі қажеттілігінен артық ни-
сап көлемінде (85 г алтын немесе 595 г күміс немесе
осының құнына тең келетін) байлықтың болуына ай-
тылады. Негізгі қажеттілікке: үй, көлік, үй жиһаздары
мен қолданыстағы заттар жатады. Сондықтан нисап
мөлшеріндегі байлық бұлардан бөлек есептеледі.
Байлыққа бір жыл толу шарт емес, сол уақытта ни-
сап көлеміне жететін байлығы болса, құрбан шалу оған
уәжіп. Тіпті құрбан айттың бірінші күні кедей болып,
екінші күні нисап көлеміне жететіндей байыса, оған
құрбан шалу міндетті.
Сондай-ақ жеке басында нисап көлеміндей байлығы
бар әйел адамның да құрбан шалуы – уәжіп.
3. Тұрғын болуы
Жолаушыға құрбан шалу міндет емес. Өйткені Әбу
Бәкір мен Омар (р.а.) сапарда жүрген кезде құрбан шал-
майтын. Али (р.а.):
لَيْسَ عَلَى الْمُسَافِرِ جُمُعَةٌ، وَ لَ أضْحِيةٌ
«
Жолаушыға жұма намазы мен құрбан шалу
міндет емес
»
56
, – деген. Өйткені құрбан шалу үшін
мал іздеу, етін тарату, т.б. жолаушыға қиындық ту-
дырады. Құрбан шалуы уәжіп адам сапардан айттың
соңғы күнінде үйіне оралса, онда оған құрбан шалу
55
Лубаб, Китабул-ұдхия, 1/350
56
Насбур-рая, 4/211