38
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
болса да бірігіп шала алады
62
. Өйткені барлығының да
ниеті бір Аллаһқа жақындау.
Құрбандыққа шалынатын
малдың жасы
Құрбандық ешкі ең кемінде бір жасқа толуы керек.
Ал қойдың жасы кемінде алты ай. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
:
نِعْمَتْ الُْضْحِيةُ الْجَذَعُ مِنْ الضأْنِ
«Алты айлық қозы қандай жақсы құрбан
»
63
–
де-
ген. Ірі қара малдың ішінде сиыр кемінде екі жасар,
түйе бес жасар болуы керек.
Құрбан малының шарттары
1.
Құрбандық малдың дені сау, етті әрі дене
мүшелері түгел, кеселден аман болуы керек
.
2.
Құрбандық мал айт намазынан кейін айт
күндерінің ішінде шалынуы керек.
Ханафилерде құрбан
уақыты – құрбан айт күні таң атқаннан бастап, үшінші
күні күн батқанға дейін жалғасады
64
. Ендеше, құрбан
шалу уақыты – үш күн. Бұл һижри жыл санақ бойынша
Зулхижжа айының 10,11 және 12-күндеріне сай келеді.
Ибн Омар және Али, Ибн Аббас (р.а.): «
Құрбан күндері
бас-аяғы толық үш күн. Бірінші күні құрбан шалу
–
аб-
зал іс
»
65
, – деген. Бұл үш күннің күндізі мен түндері
62
Тахмаз: фиқһул ханафи фи саубилжадид 495б.
63
Тирмизи, Құрбан, 4/194
64
Шафиғи мәзһабында құрбан айттың соңғы күні, айттың 4-күні
ақшам уақытына дейін есептеледі.
65
Зайғали. (Насбур-рая, 4/213)