39
Құрбандық
де құрбан күндері саналғандықтан, құрбанды қалаған
уақытта шалуға болады
66
.
Құрбан малы айт намазы оқылып болған соң ша-
лынады. Құрбан айт оқылып жатқанда шалынған
құрбандар құрбан малы болып саналмайды, намаз
біткеннен кейін қайта құрбан шалу керек. Айт на-
мазынан кейінгі құтбасының бітуін күту шарт емес,
құтба бітпей құрбан шала беруге болады. Өйткені
пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтқан хадистері,
құрбан шалуды, айттың құтбасына емес айт намазының
бітуіне қарай рұқсат еткен
67
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
إِن أَولَ مَا نَبْدَأُ بِهِ فِى يَوْمِنَا هَذَا نُصَلِّى ثُم نَرْجِعُ فَنَنْحَرُ فَمَنْ
فَعَلَ ذَلِكَ فَقَدْ أَصَابَ سُنتَنَا وَ مَنْ ذَبَحَ فَإِنمَا هُوَ لَحْمٌ قَدمَهُ لَِهْلِهِ
لَيْسَ مِنَ النّسُكِ فِى شَىْءٍ
«Біздің бұл күні ең алғаш жасайтын ісіміз – на-
маз оқу, артынша құрбанымызды шалу. Кімде-кім
осылай амал етсе, сөзсіз біздің сүннетімізге ергені.
Ал енді біреулер құрбанын намаздан бұрын шалса, ол
құрбанға жатпайды, отбасына берілген жай ғана
ет болып қалады
»
68
, – деп, құрбанды намаздан бұрын
шалуға қатаң тыйым салған. Және бір хадисінде
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
مَن ذَبَحَ قَبلَ أَن يُصَلِّي فَليَذبَح مَكَانَهَا أُخرَى
66
Ихтияр, Адахи
67
Бадаиғ уа санаиғ, Китабул удһия
68
Бұхари, Мүслим (Насбур-рая, 4/212)