42
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Құрбанның мұстахаптары
• Құрбан шалудың сауабы мол әрі ұлы іс екенін
білдіріп малды айттан бірнеше күн бұрын жем-
шөппен байлау. Бұл турасында Құранда:
ذَلِكَ وَ مَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللِّ فَإِنهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ
«Міне, кімде-кім Аллаһтың белгілерін
ұлықтаса, күдіксіз ол жүректің тақуа-
лығынан»
76
– дейді. Сондықтан дініміздің
мұндай шараларын ұлықтап, құрбан малының
семізін, үлкенін, жақсысын таңдап шалғаны аб-
зал.
• Шамасы жетсе, әркім өз құрбанын өзі
бауыздағаны мәндүп. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
Меккеге құрбандыққа жүз түйе айдап
келіп, өзінің қасиетті қолымен алпыс шақтысын
бауыздап, сосын пышағын Алиге (р.а.) ұсынады.
Қалғанын Али (р.а.) бауыздаған
77
.
• Құрбандыққа шалынатын малды қинамау үшін
өткір пышақ қолдану керек. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде:
فَإِذَا قَتَلْتُمْ فَأَحْسِنُوا الْقِتْلَةَ، وَ إِذَا ذَبَحْتُمْ فَأَحْسِنُوا الذِّبْحَةَ،
ولْيُحِد أَحَدُكُمْ شَفْرَتَهُ ولْيُرحْ ذَبِيحَتَهُ
«Малды
бауыздаған
уақытта
жақсылап
бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын
жақсылап қайрасын және тезірек бауыздасын.
Малдың жанын жай таптырсын»
78
– деген.
76
«Хаж» сүресі, 32-аят.
77
Ахмед және Мүслим, (Нәйлүл-әутар 5/105).
78
Мүслим, Сайд, 57