

47
Құрбандық
жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде
беріледі. Құрбандыққа шалынған малдың терісін
кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге
болады.
• Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегі-
нен қасаптың ақысы ретінде төленбейді. Алидің
(р.а.) былай дегені риуаят етілген:
«Аллаһтың
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
түйелер құрбандыққа
шалынған уақытта басы-қасында тұруымды
және терілері мен жүндерін таратуымды әмір
етті. Оларды қасап ақысы ретінде беруге ты-
йым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз», –
деді
89
.
• Құрбандықтың етін себепсіз басқа қала немесе
басқа елдерге жіберу – мәкрүһ. Бірақ басқа елде
жақын туыстары тұрса немесе сол елдің халқы
көмекке қатты мұқтаждық танытса, жіберуге бо-
лады.
• Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін
пышақты көз алдында жалақтатып қайрау –
мәкрүһ.
• Құрбан малды құлағынан тартып, немқұрайлы
қарау дұрыс емес. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
біреудің малды құлағынан ұстап, союға алып
бара жатқанын көріп: «
Малды құлағынан тарт-
па, мойнынан ұста
»
90
, – деп, малға мейіріммен
қарауға шақырған.
• Малдың жаны толық шықпай жатып басын кесіп
алып тастау немесе терісін сыпыру–мәкрүһ.
• Малды токпен немесе басынан ұрып талдырып
содан кейін бауыздау малдың етінің адал болу-
89
Мүслим, Хаж, 348
90
Ибн Мажә, Забиха, 3