46
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Құрбан малды бауыздағанда мына төртеуін кесу
керек, олар: кеңірдек, өңеш және екі күре тамыр. Хана-
фи мәзһабында бұл ағзаның көпшілігі, яғни ең азынан
үшеуі кесілу ең абзалы. Хадисте: «
Күре тамырларды
қалағаныңша кес
»
86
, – делінген. Алайда біреуі кесілсе
де мал адал саналады. Бұдан кейін малдың қаны толық
аққанын күтеді. Сосын терісін сыпырып, жіліктейді.
Құрбан шалған орынды жақсылап тазалау керек.
Мал сойғаннан кейін жердегі қалған қалдықтарды
жерге тереңдеу көмуге, мүмкіндігінше жерде құрбан
малынан қалдық қалдырмауға тырысу керек. Мұндай
тазалық құрбан малына, құрбан құлшылығына құрмет.
Сонымен қатар қоршаған ортаны таза ұстау тұрғысынан
да маңызды. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Тазалық
– иманның жартысы» деген.
Құрбандықтың мәкрүһтері мен
тыйымдары
• Құрбан малының етін, терісін, жүнін, майын,
сирағы мен басын пайдалану және сүтін сауу –
мәкрүһ. Егер жүнін кесіп немесе сүтін сауса,
құнын садақа қылады. Өйткені құрбандық мал
– Аллаһ разылығы үшін, Жаратушыға бір та-
бан жақындау ниетімен сойылатын мал
87
. Әбу
Хұрайрадан жеткен хадисте:
مَنْ بَاعَ جِلدَ أُضْحِيتِهِ فَلَ أُضْحِيةَ لَهُ
«Кімде-кім құрбан малының терісін сатқан бол-
са, құрбаны жарамсыз»
88
– делінген. Құрбан
малының аталмыш бөлшектері сатылған
86
Әбу Дәуіт, Ибн Мажә (Насбур-рая, 4/185).
87
Қайсани, Бадаи, 6/320
88
Кәнзул-уммал, 5/160