Previous Page  48 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 112 Next Page
Page Background

48

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

ына күмән тудырады. Өйткені мал бауыздалмай

жатып өліп қалуы мүмкін. Сондықтан сүннет пен

сахабалардың әдетіне сай – малды жатқызып,

аяғын байлап пышақпен бауыздау ең дұрысы.

• Түнделетіп құрбан шалу – мәкрүһ. Өйткені

құрбандықты ауыстырып алу немесе қол кесіп

алу сияқты келеңсіз істер орын алуы мүмкін. Ал

жарықтандыру жақсы болса, түнде құрбандық

шалуға рұқсат етіледі.

• Құрбандыққа арнап сатып алынған малды

қайта сату Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедтің

пікірінше – мәкрүһ. Егер сатар болса, орнына

дәл сондай мал немесе одан қымбатырағын са-

тып алуы керек, алдынғысынан арық әрі арза-

нын алмаған дұрыс деген. Ал Имам Зуфардың

пікірінше, құрбандыққа арналғандықтан оны

сатуға рұқсат жоқ

91

.

• Құрбан шалушы, түйе немесе сиырды тек өзім

құрбандыққа шаламын деп ниет еткеннен кейін

тағы алты кісіні ортақ қылып, бірігіп құрбандыққа

шалса құрбаны дұрыс, бірақ бастағы ниетін

өзгертіп басқаларды қосқаны – мәкрүһ

92

.

Құрбандыққа жарамсыз мал

Хадисте құрбандыққа жарамайтын мал:

أَرْبَع لَ تَجُوز فِي الَْضَاحِيّ الْعَوْرَاء الْبَيِّن عَوَرهَا وَ الْمَرِيضَة

الْبَيِّن مَرَضهَا وَ الْعَرْجَاء الْبَيِّن ظَلَعهَا وَ الْكَسِيرَة التِي لَ تُنْقِي

«Төрт мал құрбандыққа жарамайды: Анық соқыр,

анық ауру, (жүре алмайтындай дәрежеде) көрініп

91

Хамди Дөндүрен: Ислам илмихали: Адахи, 618б.

92

Х. Дөндүрен: Ислам илмихали: Адахи, 616б.