54
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Нәзір құрбанының түрлері:
• Шартты нәзір. Қандай да бір істің орындалуына
байланысты айтылған нәзір. Мысалы, «оқуымды
бітірсем, құрбан шаламын» деген секілді.
• Шартсыз нәзір. Қандай да бір шартқа байланыс-
ты емес, жалпы айтылған нәзір. Мысалы, «маған
құрбан шалу уәжіп болсын, құрбан шаламын» де-
ген секілді.
Кедей біреу (нисап көлемінде байлығы жоқ адам)
құрбан айтта құрбан шалу ниетімен құрбан малын са-
тып алған болса, бұл нәзір үкімінен саналып, кедей-
ге бұл құрбанды шалу міндеттеледі яғни шалмаса,
ақыретте сұралады. Ал Имам Шафиғидің көзқарасы
бойынша, кедей кісі малды құрбан ниетімен сатып
алса да оған уәжіп емес. Уәжіп болуы үшін «маған бұл
құрбанды шалу міндет болсын» деген секілді уәжіптікті
білдіретін сөз айтуы керек деген
103
.
Аталған шарт орындалмайынша, нәзір оған уәжіп
емес. Мысалы, егер әкесі: «ұлым оқу бітірсе, құрбан ша-
ламын» деп атап, бірақ ұлының оқу бітіргенін көре ал-
май дүниеден өтіп кетсе, ақыретте жауапты болмайды.
Өйткені ол ұлының оқу бітіргенін көрмеді, сондықтан
оған құрбан шалу уәжіп емес. Алайда ұлдары әкесінің
атаған малын құрбандыққа шалса, бұған тыйым жоқ.
Біреу атаған малын шалмаған күйі өмірден озса,
артта қалған мұрагерлері қаласа нәзірін орындап,
қарызынан құтқарады, ал қаламаса орындамайды. Ал
егер қайтыс болар алдында өсиет етіп, аталған малды
шалыңдар деп айтып кетсе, артта қалған мұрасынан
алынып, нәзір құрбанын шалады.
103
Бадаиғ уа санаиғ, Китабул-удһия