56
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
«Нәрестенің шашын ал әрі шашының салмағындай
күмістен садақа бер»
105
, – деген. Ғұламалар күміс пен
алтыннан да беруге болатынын айтқан. Ақиқа құрбанын
сәби туылған күннен бастап балиғат жасына толғанға
дейін шалуға рұқсат етілген.
Құрбан шалуға жарамды мал ақиқаға да жарамды.
Қызға бір қой шалған секілді балаға да бір қой шала-
ды. Алайда балаға екі қой шалған дұрыс деген көзқарас
тағы бар.
Имам Шафиғи мен Имам Ахмед ибн Ханбалдың
көзқарасы бойынша, сәби дені сау, аман-есен болсын
деген ниетпен құрбан малының сүйектерін сындыр-
майды, тек буындарынан ажыратып пісірген абзал
деген. Басқа мәзһабтарда сәбидің кішіпейіл, көркем
мінезді болуы үшін бұлай істеу мұстахап деген. Олай
болса ақиқа құрбанының сүйегін шабу немесе шап-
пау адамның ниетіне байланысты. Қаласа, пісіруге
ыңғайлы болуы үшін бөледі, сындырады, немесе бүтін
күйінде пісіреді.
4. Һәди құрбаны
Қажылық пен ұмрада шалынатын құрбандарға
«һәди» делінеді. Шалынатын бұл һәди құрбаны басқа
құрбаннан айырмашылығы жоқ, Һәди құрбанына түйе,
сиыр, қой немесе ешкі шалуға болады. Һәди құрбаны
– Қағба мен Харам аймағына сый ретінде берілетін
құрбандық малы.
105
Ахмед, (Нәйлүл-әутар, 5/136).