Previous Page  61 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 112 Next Page
Page Background

61

Айт намазы

«Айт» сөзі араб тілінде «

қайту», «оралу,

«мей-

рам», «қуанышты күн»

деген мағыналарды білдіреді.

Бұған дәлел Әнастың (р.а.) жеткізген хадисінде Аллаһ

елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Мәдина қаласына келгенде,

жергілікті халық жылына екі күн ойын-сауық құратын.

Сонда Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Бұл қандай екі

күн?» – деп сұрайды. Олар: «Бұл жаһилия кезеңінде

ойын-сауық құратын күндер еді», – деп жауап береді.

Сонда пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Аллаһ

тағала бұл екі күндеріңді одан да қайырлы екі күнге

алмастырды. Олар: «Құрбан айт пен ораза айт»

114

, –

деп, мұсылмандардың екі мейрам күндерін белгілеген.

Әбу Ханифа мәзһабында құрбан айт намазын оқу

әрбір мұсылманға – уәжіп. Уәжіп болуының басты

себебі – дүниеден өткенше пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

ешқашан айт намаздарын тастамағандығы

және Құран кәрімде:

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَ انْحَرْ

«Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал»

115

деп айт

намазын оқу бұйырылған.

Айт намазының дұрыс орындалу шарттары жұма

намазының шарттарымен бірдей. Мысалы, уақыттың

114

Мүснәд Ахмед, 3/103; Сүнән Әбу Дәуіт, Китабус-салә, бабу

айдайн.

115

«Кәусар» сүресі, 2-аят.