Previous Page  67 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 112 Next Page
Page Background

67

Айт намазы

Ташриқ тәкбірінің үкімі:

Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, ташриқ

тәкбірін айту – уәжіп. Дәлелі Құранның:ٍ

وَ اذْكُرُوا اللـهَ فِي أَيامٍ معْدُودَات

«Санаулы күндерде Аллаһты еске алыңдар»

120

деген аяты. Бұл аяттағы

санаулы күндер

деп ташриқ

күндерін айтып тұр. Бұған қоса, Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

Арафа күні таң намазынан айттың төртінші

күні намаздыгер уақытына дейін әрбір парыз намазда-

рынан кейін сәлем беріп, тәкбір айтатын болған. Және

бір хадисте пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Ара-

фа күні таң намазын оқығаннан кейін сахабаларына

бұрылып:

« عَلَى مَكَانِكُمْ «. وَ يَقُولُ « اللُّ أَكْبَرُ اللُّ أَكْبَرُ لَ إِلَهَ إِاّ اللُّ

ِوَاللُّ أَكْبَرُ اللُّ أَكْبَرُ وَللِِّ الْحَمْدُ». فَيُكَبِّرُ مِنْ غَدَاةِ عَرَفَةَ إِلَى صَلَةِ

الْعَصْرِ مِنْ آخِرِ أَيامِ التشْرِيق

«Орындарыңнан табжылмаңдар» –

дейді де,

артынша:

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә илаһа

иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-

хамд»,

деп тәкбір айтады. Бұл Арафа күнінің таң на-

мазынан бастап, ташриқ күнінің (айттың төртінші күні)

намаздыгер уақытына дейін айтылады»

121

– деген.

Ташриқ тәкбірінің шарттары:

Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, ташриқ

тәкбірі уәжіп болу үшін ол адам тұрғын, азат, ер кісі

120

«Бақара» сүресі, 203-аят.

121

Дарақұтни риуаят еткен. Насбур-рая, 2/223; Субулус-сәлам,

2/72.