64
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
2. Тәкбір
Ниеттен кейін «Аллаһу әкбар» деп ал-
дымен имам, артынша жамағат тәкбір
алады. Қолды кіндік астына байлап,
имам мен жамағат ішінен «Субханака
Аллаһумма» дұғасын оқиды.
3. Үш рет тәкбір алу
Имам – жария түрде, ал жамағат іштен
«Аллаһу әкбар» деп үш рет тәкбір
алады. Тәкбір алғанда бас бармақты
құлақтың сырғалығына тигізіп, төмен
түсіреді.
4. Сүрелердің оқылуы
Үшінші тәкбірден кейін қол байлап,
имам «Ә'узу» мен «Бисмиллаһты»
ішінен, «Фатиха» мен қосымша сүрені
жария оқиды. Жамағат имамды мұқият
тыңдап тұрады.
5. Рүкүғ пен сәжде
Имам жария «Аллаһу әкбар» деп, рүкүғ
пен сәждеге барады. Жамағат іштей
тәкбір алып, имамның артынан рукуғ
пен сәждеде ілесіп отырады. Артынша
екінші рәкатқа тұрады.